Тайм-менеджмент


Маңызды уақыттардың анық айтылмауы



Pdf көрінісі
бет52/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Маңызды уақыттардың анық айтылмауы
Уақытын тиімді пайдалану қажеттігін толықтай түсініп,
тәжірибе 
жүзіне 
өткізе 
білген 
жандарды 
одан 
ары
құлшындыра түсу үшін әрі сол уақыт тұрғысында үнемі ояу
жүруіміз үшін дініміз қадір-қасиеті мен маңыздылығы жоғары
екендігін баяндаған күндер мен уақыттарды белгілі бір
шектеулер қойып нақты білдірмеген, яғни сол өте құнды
мезгілдердің уақытын жасырып қойған. Мысалы, мың айдан
да қайырлы екендігі білдірілген Қадір түнінің жылдың қай
түніне сәйкес келетіндігі нақты айтылмаған. Рамазанның соңғы
он күнінің ішінде болуы мүмкін екендігі білдірілген. Дегенмен
шариғи дәлелдердің әркелкілігінен ғалымдардың да бұл
жөнінде әртүрлі көзқарастары кездескен.
99
Бұлай белгісіз болған тек Қадір түнінің уақыты ғана емес.
«Жұмада бір сағат бар. Мұсылмандардан кімде-кім сол сағат
ішінде намаз оқып, Алладан қажетін сұрайтын болса, Алла оған
міндетті түрде береді»
100
хадисінде айтылған уақыт та нақты
білдірілмеген. «Сағат» деп былайғы жұрт алпыс минуттық
уақытты түсінеді, ал хадисте келген «сағат» сөзі «аз уақыт»
деген ұғымды білдіреді. Бұл уақыт аз болғандықтан, оны
дұрыс әрі ұтымды пайдалану керек. Дүние тіршілігі үшін
өтетін күндер мен жылдар осы аз ғана сағатқа арзымайды.


Өйткені Алла Тағала пенденің осы уақытта жасаған дұғасы
мен ғибадатын қабыл ететіндігі және тілеген тілегі мен
сұраған қажетін өтейтіндігі айтылып тұр. Ғалымдар бұл
уақытқа байланысты көптеген жорамалдар айтқан. Бір
хадисте сол сағат жұма күнінің ішінде деп айтылса, басқа
хадисте имам мінберге шығып құтба оқитын уақыттан бастап
жұма намазын оқып бітіргенше деп айтылады. Үшіншісінде
намазға тәкбір айтылғаннан бастап намазды оқып бітіргенше
делінген болса, төртіншісінде екінті уақытынан күн батқанға
дейін делінеді.
101 
Әрбірінде мағлұмат түрліше берілген.
Бұл уақыттардың нақты белгісіз болуының мақсаты – сол
уақыттарға сәйкес келу үшін толықтай бір ай немесе жұмада
бір күн бойы сергектік танытып, көбірек ғибадат жасауға
мүміндерді ынталандыру. Сол уақыттарды білмеген соң, оны
табу үшін мұсылман адам рамазанда бір ай бойы және
жұмада күні бойы ғибадатқа құштарлы болып өтеді. Егер
Алла Тағала Қадір түні мен жұма күндегі сағатты анық айтса,
пенделер сол уақыттарда ғана ғибадат етіп, қалған уақытта
ықылас көрсетпес еді. Алайда шариғаттың мақсаты бұл емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет