Алла Елшісі (с.а.с.) ережеп
пен рамазанның ортасында
елеусіз өткізіп алмауымызды ескертіп, өзі көбіне оразамен
өткізген шағбан айының 15-түні «Бәраат түні» деп аталады.
Қарыздан, күнә мен жазадан
құтылу деген мағынаны
білдіретін Бәраат – күнәлардан құтылу (тазару) кеші.
Бұл түн – Алланың өзінен кешірім сұраған мүміндерді
кешіріп, күнәдан арылу түні. Бұл түні ұйықтамай Алла
Тағаладан кешірім сұрауымызды қалаған Пайғамбарымыз
(с.а.с.) былай дейді:
«Шағбан айының он бесінші түні болғанда тек қана ғибадатпен
өткізіңдер, ал күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені Алла Тағала сол түні
күн шыққанға дейін әлемге мейірімін төге тұрып, былай дейді:
– Кешіруімді қалайтын адам бар ма, кешейін?
– Ризық талап етушілер бар ма, берейін?
– Дертке шалдыққандар бар ма, шипа берейін?
– Тағы кім не тілесе тілесін, берейін!»
111
Ендеше, Раббымыздың сүйінші хабарына құлақ асып,
берілген мүмкіндіктерден пайдаланып қалуымыз керек.
Бұл түні адамның бір жылдағы ризығы,
бай немесе кедей,
жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы
немесе ажалының келуі жайлы
хабарларды Алланың әмірімен
періштелердің дайындайтындығы білдірілген. Бәраат түнінің
ерекшелігінің бірі – сол күні құбыланың Қудус мешітінен
Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл түні «жақсылық намазы»
оқылады
112
.
Достарыңызбен бөлісу: