адам баласы ұйқының құшағына берілгісі-ақ келетін осы екі
уақыттағы намазға аса мән берілген.
Намазды тастап кетуге келер болсақ, оның ешқандай ақылға
сияр сылтауы мен себебі бола алмайды. Соңғы демімізді
беретін сәтке дейін намаз тұрғысында көкірегіміз үнемі ояу
болуы керек.
Амал дәптерін ізгі амалдарға толтырып, жаннаттағы жоғары
дәрежеге ие болғысы келетін мүмін асығып, уақытын тиімді
пайдалануы керек. Мүмкіншілігін толық пайдаланып, күші
жететін ізгі амалдардың бәрін мүлт жібермеуге тырысуы
қажет. Бірақ жақсылықта жарысамын деп жүріп, кем-кетік,
шала-шарпы істей салу дұрыс емес. Өйткені Алла Тағала
істелген әрбір істің дұрыс және тиянақты орындалғанын
қалайды.
Атақты
ғалым
Алийул-Қари
бұл
жайында
мынадай
түсініктеме береді:
«Алланың әмірлеріне бет бұру тұрғысында асығу мен оларды
орындау барысында асығыстық жасау – екеуі екі түрлі нәрсе.
Бұлардың біріншісі – жақсы, мақталған іс, ал екіншісі –
датталған іс»
122
.
Яғни, намазға асығу керек, ал намазда асығуға болмайды.
Сонымен қатар айналамызда жүрген кейбір кісілердің
Достарыңызбен бөлісу: