Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет99/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Түнгі уақыттың жоспары
Риуаяттар Алла Елшісінің түнгі уақытын үшке бөлгендігін
көрсетеді: бір бөлігі – Аллаға, бір бөлігі – отбасына, бір
бөлігі – өзіне арналады. Өзіне арнаған бөлімін халыққа
арнап, олармен кездесетін болған.
246
Күн батқан соң Алла Елшісі (с.а.с.) сол күнгі бітпеген
істерін тоқтатып қоятын болған.
247
Алайда бұл оның толықтай
демалуға кетіп қалатындығын білдірмейді. Себебі кейбір
кездесулері ақшам намазынан кейін де орын алатын болған.
Қағида бойынша, құптан намазынан бұрын ұйықтауды, құптан
намазынан кейін әңгімені ұнатпайтын.
248
Айша анамыз (р.а.)
Алла Елшісінің түннің алғашқы бөлігінде ұйықтап, соңғы
бөлігінде тұрып ғибадат ететіндігін жеткізеді.
249
Тек кейбір
уақыттарда жоспардан тыс жағдайлар орын алғанда түннің
ортасына дейін ояу болып, кеңес құрып, мәселелерді
ақылдасатын кездері де кездескен.
250
Жоғарыда да айтып өткеніміздей, Алла Елшісі (с.а.с.) түнгі
ғибадатты өз өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған.
Күнделікті түннің таңға жақын бөлігінде, яғни екінші
жартысынан кейін оянып, ғибадатын атқаратын. Дәл сол
уақытты неліктен таңдайтынын «Алла Тағала түннің үштен
бірінде дүние аспанына түсіп: «Тәубе еткен бар ма? Тәубесін
қабыл алайын. Кешірім тілеген бар ма? Кешірейін. Дұға етуші бар
ма? Дұғасын қабыл алайын» деп таң шапағы атқанша күтеді»
251
дегенімен түсіндіретін.
Күндізгі уақыттың жоспары
Барлық мұсылмандарды таң намазынан соң ұйықтаудан
тыйған Алла Елшісі (с.а.с.) өзі күн көтерілгенше мешітте
қалып, сахабаларымен сұхбаттасатын. Арада діни тақырыптан
өзге де әңгімелер қозғап, сахабаларының көңілін аулап,
жүздеріне күлкі үйіріп, қуантып отыратын.
252
Бұл әңгіме
барысында Алла Елшісі де, сахабалар да көрген түстерін


айтап беріп, сол түстерді жоритын болған.
253
Пайғамбар
(с.а.с.) бұл сұхбаттардың маңызын былайша жеткізетін: «Таң
намазын оқып болған соң бір топ адамдармен отырып күн
көтерілгенше Алланы еске алу мен үшін Алла жолында дұшпанға
қарсы соғыстан да ұнамды. Екінті намазынан соң күн батқанға
дейін де солай».
254
Сахабаларымен болған таңғы сұхбаттан соң Алла Елшісі
(с.а.с.) әйелдерін зиярат етіп, олармен отбасылық сұхбат
құратын.
255
Ораза болмаған кездерінде осы уақытта таңғы
асын ішетін.
Түскі уақыт намаз бен одан соңғы қайлулә ұйқысына
арналатын. Қайлулә Алла Елшісінің тұрақты түрде орындайтын
істерінің бірі еді.
Екінті намазынан кейін де әйелдерін зиярат етуі күнделікті
тұрақты түрде орындайтын ісі болатын.
256
Пайғамбар (с.а.с.) уақытты пайдалану тұрғысынан жоспарлы
және жоспарына мұқият болмағанында, жетістікке жету
жолында түрлі кедергілерге кездесіп, күтпеген жағымсыз
жайттарға тап болуы мүмкін еді деп айтуға болады.
Сүннетті ұстану барысында Алла Елшісінің осы қасиетін де
назарға алуымыз қажет-ақ.

САХАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ
Алла Расулының (с.а.с.) сөздерін ең жоғары деңгейде түсіне
білген – оның «әрбірі көктегі бірер жұлдыз іспетті» деп


сипаттап кеткен сахабалары еді. Сахабалар бір-бірімен
кездесіп, қайта айырылысатын кезде «Аср» сүресін оқитын
болған.
257
Бұл олардың осы сүренің әкелген ескертуін
әрдайым есте ұстап жүру үшін жасаған әрекеті деп түсіне
аламыз. Оның ішіндегі ең маңызды ескертудің бірі уақыт
жайында екендігін білеміз.
Сахабалардың арасында ерекше тұратындарының бірі Муаз
ибн Жәбәлдің өлім сәтінде айтқан мына сөзінде терең мағына
жатыр:
«Уа, Раббым! Менің бұл дүниеде ұзақ өмір сүруді
қалауымның себебі дүниенің қызылды-жасылды байлығы мен
тау-тау алтыны емес. Мен ұзақ өмір сүруді ұзақ түндердегі
ғибадаттың ауырлығына төзіп, ыстық маусымдардың ұзақ
күндерінде ауызды құрғатар шөлге шыдап, ғалымдардың
дәрістерінде ұзақ уақыт өткізу үшін қаладым».
258
«Мен қай уақытта ұйықтайын, ей, Омар?! Егер түнде
ұйықтасам, Алланың алдындағы міндетімді орындаудан құр
қаламын. Егер күндіз ұйықтайтын болсам, халқымның
алдындағы жауапкершілігімді дұрыс орындай алмай қаламын»
деп асыл уақытын ұйқыға қимайтын әзірет Омар (р.а.)
Алладан уақытына береке сұрайтын және сол уақытын ізгі
амалдар атқарумен өткізуді тілейтін.
259
Ең көп хадис риуаят еткен сахаба Әбу Һурайра (р.а.) Алла
Елшісінің өнегесімен түнді үшке бөліп, бір бөлігінде дем
алған, екінші бөлігінде ғибадат жасаған, үшінші бөлігінде
жинақтаған ілімін қорытқан. Күндіз Пайғамбарымыздан (с.а.с.)
естіген 
хадистерін 
түнге 
қарай 
асықпай 
зерделейтін.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болардан төрт жыл бұрын ғана
Исламды 
қабылдағанына 
қарамастан, 
басқа 
барлық
сахабалардан оза шауып, ең көп хадис риуаят ете білгені
оның әрдайым Алла Елшісінің жанында жүріп, білім алып,
хадис 
жаттап, 
уақытын 
барынша 
тиімді 
пайдалана
алғандығының айқын дәлелі бола алады.
260
Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) «Не дүниеге, не ақыретке
пайдалы ісі жоқ адамды көргім келмейді» деген сөзінен
атақты ғалым сахабаның уақытқа қаншалықты мән бергенін


және уақытын бос өткізуді ұнатпағанын көруге болады.
Сонымен қатар сахабаның ой саларлық мынадай сөзі тағы
бар: «Мен үшін өмірімді қысқарта тұра ізгі амалдарымды
көбейтпей өткен күннен асқан өкінішті жайт жоқ».
Пайғамбарымызға ең алғашқы иман келтіргендердің қатарында
болған сахаба әрдайым оның жанынан табылып, білім алып,
уақытын тиімді пайдалану арқылы Ислам тарихында ойып
орын алған, дін білімін жеткізуде орасан зор рөлі бар
ғалымдардың бірі де бірегейі атанған.
261
Пайғамбарымыздың көкесінің ұлы Абдулла ибн Аббас (р.а.)
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салған кезде әлі он төрт-он
бестердегі жасөспірім еді. Меккеде туылып, әкесімен бірге
сонда қалған ол Пайғамбарымыздың жанына Меккені жеңіп
алғаннан кейін ғана барып, екі жылдан аса уақыт қана
болады. Осындай қысқа ғана уақыттың ішінде барынша көп
білім ала білген ол ең көп хадис риуаят еткен сахабалардың
қатарына кірген. Сонымен қатар Ислам құқығында алдыңғы
қатарлы ғалымдардың бірі, сахабалар алқасының ең жас
мүшесі және ең көп пәтуа берген сахаба болған.
262
Сағд ибн Муаз (р.а.) 30 жасында Исламды қабылдайды. Ал
қайтыс болған кезінде оның жасы 37-де болды. Ол дүниеден
озғанда Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Расында, Сағд ибн


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет