Тайм-менеджмент


«Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және



Pdf көрінісі
бет96/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

«Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және
ақырет күніне бар үмітін артқан (Алланы және
ақырет күнін жан-тәнімен қалайтын) һәм Алланы көп
еске алып, Оған көп құлшылық ететіндер үшін қай
жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар»
238
деген
Алла Тағаланың сөзіне сәйкес Пайғамбарымыздың бойында
барлық жағынан өнеге бар екені айқын.
Исламның уақытқа қатысты көзқарасы арқылы оны лайықты
түрде пайдалана отырып, адам өмірінің ең жоғары дәрежеде
берекелі өтуіне жағдай жасау үшін түрлі ережелер мен
тәжірибелік жайттарды көрсеткен соң ардақты Пайғамбар
(с.а.с.) 
өмірінен 
уақытқа 
байланысты 
қағидалар 
мен
тәртіптерді келтіруді жөн көрдік. Осылайша жоғарыда аталған
қағидалар тек қана сөз жүзінде қалмай, тәжірибе жүзінде
қолдануға болатынын сүннеттен көре алмақпыз.


Пайғамбарымыздың өміріне қарасақ, оның өз уақытын өте
тиімді пайдаланғанын көреміз. Өйткені ол барлық істеріне
үлгерген. Парыздарды былай қойғанда, нәпіл құлшылықтардың
өзі өмірінің соңына дейін өз уақытында орындалған, әрі еш
үзілмеген. Бұған қоса, ертелі-кеш жасаған дұғалары, мешітте
уағыз айтуы, сахабаларымен кеңесуі, өзіне келушілерге уақыт
бөлуі, өзінің зиярат етіп барған кісілері (науқастар, қабірлер
т.б.), халықпен жүздесуі, ел ішіндегі діни рәсімдерді атқаруы
(балаға ат қою, сүндеттеу, неке қию, жаназа т.б.), барлығы
да оның жоспарына сыйып отырған. Бұл істердің барлығына
уақыт табылған. Бұл нені көрсетеді? Бұл күндік жұмыстарын
қаншалықты жүйелей білгенін, уақытты қаншалықты тиімді
қолданғанын 
көрсетеді. 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) 
күндізгі
уақыттарды ғана емес, түнгі уақыттарды да мүмкіндігінше
пайдалы өткізуге тырысқан.
239
Үш қағида
Алла Елшісінің уақытты пайдалану тұрғысында қатаң
ұстанған үш қағидасы бар:

Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүмкіндігіне қарай істерін күндерге
бөле отырып, апталық уақыттарға бөле отырып күндік
жоспар құратын. Барынша сол жоспарға сәйкес әрекет
етуге тырысатын.

Әрбір ісінің өзіне арналған белгілі бір уақыты болатын.
Оған қарама-қайшы әрекет етпейтін.

Уақытты бос өткізу деген нәрсе тіпті ойға да алынбайтын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) күнделікті және апталық істерін осы
үш қағидаға сүйеніп ретке келтіріп, соған сәйкес әрекет
ететін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет