тұтпасын. Кімде-кім солай істесе, Алламен (һәм Оның
хақ дінімен) байланысын үзген болады»
.
234
Құранның тәлімінен тағы да ұғынуымыз қажетті жайт бақай
есеппен
дос болмай, адалдық пен шынайылықты ту етуіміз:
«Ол (қиямет) күні дүниедегі барлық достар (яғни, бір-бірін тек
дүниелік мақсатта дос тұтқандар) біріне-бірі қас дұшпан
болады. Ал тақуалардың жөні бөлек, (олар қай кезде де бір-
біріне шын жанашыр дос болады)». Сондықтан жанымызға
дұрыс жолдас
таңдауымыз қажет болғанындай, өзіміз де
турашыл дос болуымыз керектігін ескеруге тиіспіз.
Адамның досы мен жолдасының оның діні мен ақыретіне
маңызды әсері бар екенін жоғарыдағы
аят-хадистерден көре
аламыз. Сонымен қатар дүниелік істерінде жетістікке жетуіне,
уақытын тиімді пайдалануына жанындағы достарының тигізер
әсері де орасан зор. Адамның
досы жетістікке жетуге
талпынатын жан болса, ол да өздігінен соған қарай бой
түзей алмақ. Және дос-жарандары
уақытын қандай іспен
шұғылданып өткізер болса, ол да солармен бірге болары
сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: