2 сұрақ.Қазақстандағы мәдениет сұхбат.
Көптеген мәдениетті және ұлттарды сақтай отырып, адамзаттың
өркениет синтезінің жетістігіне ұмтылысын, жаһандануға сай позитивті
бағытынан түсіну, құндылықтың жүйелерің құнды етіп қайта құруынсыз
және мәдениет әдіскерлерінсіз, адамзат дамуының жалпы пардигмасының
өзгеруінсіз іске асыру мүмкін емес.
Интеграциялық тенденция жағдайына сай, тұтастықтан көрі оны
құрушы бөлшектері жылдамырақ дамуын мойындауға негізделген.
Сондықтан жаһандану үрдісі мәдени алуандылықты жоюшы және
біріктіруші процес ретінде ғана қарастырылуы мүмкін емес. Сонымен қатар
даму барысында, бірге дамудың өзі тиімдірек екені айқын, себебі
материалдық және рухани шығындар үнемделе түседі. Құрылымның үлгілік
дұрыс бірігуіндегі әрбір жаңа амалдар сәтінде барлық келесі пайда болған
иерархиялық ұйымдар қабатын тұтас және құрушы бөлшектердің даму
ырғағын жылдамдата түседі. Дегенмен біріктіруші және дамытушы
құрлымдағы ең дұрыс құрылған ұйымдардың құрылысының өзі барынша
дамуға және қайшылықтандыру сәтінің жақындауына алып келуінің
нәтежесінде, жаһандану алып тұтастық қасиетіне ие бола алмайды: заманауи
әлемдегі болып жатқан нақтылы өркениеттік және әлеуметтік мәдени
үдерістер айтарлықтай күрделі және оның аумағына сыймайды. Бұл
жайында әлеуметтік мәдени мегажүйенің қайта құрылуына алып келетін,
әлеуметтік мәдени процестерінің дамуының айтарлықтай тұрақсыздығы
және жаһандану процестерін алып жүруші, қайшылықты факторлар
айқындай түседі.
Бір жағынан осы бағытқа сай қажеттіліктің теңестірілуі еңбектің
халықаралық бөлінісі және мамандандырудың үдерісі ретіндегі жағынан,
әлемдік нарық дами түседі; коммуникацияның жаңа формалары бектіліп,
ақпаратқа ауқымды жол ашылады; әлемнің көптеген аймақтарында
әлеуметтік көрсеткіш жақсара түседі (адамның өмір сүру ұзақтығы арта
түсіп, үйлесімдіктің деңгейі өседі); әртүрлі мәдениеттер арсындағы өзара
түсінік арта түседі; өмірлік бағытты таңдаудың көлемді мүмкіндіктері
ашылып, адамның нақтыланған ортадан еркіндігі өседі.
Егерде осыған басқа қырынан келетін болсақ, әлемдік экономика
тұрақсыз, өзара байланысты және әлсіз болып қалыптасады; Шығыс және
Батыс арасында экономикалық және әлеуметтік дамуындағы алшақтық
артады; орталықтан шеткі жақпен жаңа технология мен білім алмасу
қиындықтары туындап, миграциялық қозғалыстар артады.
Халықтың кедей топтары мен қуатты байлардың өмірінің деңгейінің
арасындағы ерекшелік көбейеді; ұлтаралық тасымалдаушы коорпарация лар
әртүрлі мемлекеттерге тек қана өзінің экономикалық ықпалын күшейтіп қана
қоймайды, сонымен бірге саяси да ықпалын жасайды; азаматтық қоғам
институтарының және мемлекеттердің өзара әрекеттестігінің мәселері
тереңдей түседі; әр алуандылыққа қатер төндіретін көпшіл мәдениеттің
ықпалы арта түседі. Бұлардың бәрі, күннен-күнге асқындап жатқан
экологиялық тоқыраулардың әсері сонда байқалады. Олардың кейбіреулеріңе
тоқталатын болсақ, барлығынан бұрын атап өтетіні, әлеуметтік мәдени
динамиканың басым жоғары технологиялық ғылымдандырылған өндіріс
бөлімі өрлейді немесе білім мен ақпарат негізгі өңдірістік қорға айналады.
Болашақтағы білім мен ақпаратты өндіру үшін адамның шығармашылық
табиғатын қалыптастырушы және күшті ішкі мотивациясымен жаңа
тұлғаның үлгісін қалыптастырушы ретінде мәдениет пен білім берудің рөлі
маңызды және жоғары деңгейде қызмет атқарады. Құндылықтың жаңа
өлшемі қалыптасып, экономикалық емес мотивтердің мәні өседі. Жоғарыда
көрсетілгендей, бір қырынан технологиялық прогреске ұмтылыс анық, басқа
жағынан алып қарастырғанда – адамзат қорының маңыздылығын арттыру
көпшіліксіздендіру мен материализацияландыру өндірісі процесінің
жылдамдауына бағдарланған.
Одан басқа жаһанданған әлемнің тұрақсыздығы жайында әлемнің
өркениеттік, әлеуметтік мәдени айрмашылықтарын сақтауы бойынша
ерекшеліктерінің
күшейуін
айғақтай
түседі.
Әлеуметтік
мәдени
айырмашылықтары арқылы, екі шекті полюстың жағдайындағы даму жолы,
танып білуге болмайтын және ашылмайтын оқиғаларға алып келуі мүмкін,
кеңкөлемді интеграциялық үдерістің қайшылықтары анықталады.
Модернизация деп индустриялық және әлеуметтік өрістегі артта
қалуды жеңіп шығуға деген талпыныста көрініс табатын қоғамдағы
жаңғырту процесі түсініледі. Модернизацияға деген қажеттілікке тек дамушы
елдер ғана емес, сонымен бірге дамудың жетілген деңгейінен шыға отырып,
өзінің мақсатты мен міндеттеріне сай, батыс елдері де тап болады.
Модернизацияның классикалық үлгісі әлеуметтік батыстық өркениеттің
бейнесі және баламасы түрінде, бірбағытты даму ретінде ұғынылып келді.
Бүгін бұл түсінік өзгерді және модернизация тек дайын үлгілерді қарапайым
қабылдауға келіп тірелмейтін, ал дәстүр мен қазіргінің элементтерін
синтездеуді іздестіретін, күрделі және көпқырлы процесс ретінде түсініледі.
Халықтың дәстүрлері мен салттарын елемеу мәдени-әлеуметтік дағдарысты
туындатады.
Халықтың рухани дүниесі қаншама бай болғанымен, ол ұлттық дүние болып
қала береді, белгілі бір кеңістіктік-уақыттық шекараларда өсіп жетеді,
этностың, халықтың, ұлттың дүниетүйсінуі мен дүниетүсінуінің ерекшелігін
әйгілейді. Ол өзінің дүниені аңғаруының қайталанбайтындығын бекіте
отырып, дүниежүзілік мәдениет пен тарих тәжірибесіне ашық, басқа
мәдениеттерді түсінуге қабілетті, бұл мәдениеттермен өзара әрекет етуге
дайын, тек сондай мәдениет үшін ғана болашақ ашық болады. Бүгінгі ұлттық
рухани мәдениет ашық, өзін өзі ұйымдастырушы динамикалық жүйе ретінде
дамуға міндетті. Бұл үшін жағдайды жасау – өзіне өркениеттік шұғыл
өзгерістердегі қазақстандық қоғамды модернизациялаудың қиын міндетін
алған, жаңа ақпараттық қоғамның жаһандану кезеңіндегі құндылықтар
әлеміне еніп бара жатқан, мемлекеттің ісі.
Жаңа демократиялық Қазақстан шетелдермен мәдени байланыстарды
дамытуға белсенді түрде ат салысып келеді. Мемлекеттің мүмкіндігі
шектелген, ал демеушілік көмек әлсіз және тұрақты емес. Қазіргі
жағдайларда әлемдік қауымдастық бәрі-бір қазақстандық мұражайлардың,
музыка мен театрдың қазыналарымен танысып келеді. Таңдаулы ұжымдар
мен орындаушылар гастрольдерге барып жүр, халықаралық көрмелер мен
вернисаждар өткізілуде. Гастрольдік қойылымдар мен көрмелер шетелдерде
тұрақты орасан зор қызығушылық танытып келеді.
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануы және ол қамтамасыз
ете алатын үлес туралы айта келе, оның гуманитарлық барлық салаларда
дүниежүзілік ынтымақтастыққа ашық екендігін атап өткіміз келеді.
Демократиялық даму, адамгершілік шыңдалу әйтсе де жинақталған мәдени
мұраны сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес. Барлық экономикалық
және әлеуметтік соңғы жылдарды қиындықтарға қарамай, көпұлтты
қазақстандық мәдениет өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазақстан отандық
ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау ісінің, ұлттық мәдениеттің
тәжірибесі және жетістіктерімен бөлісуге дайын.
Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту
құқына, ал әрбір азаматқа – шығармашылық еркіндікке, мәдени өмірге
қатысуға кепілдеме берді. Бұл конституциялық қағидалар парламент
қабылданған «Мәдениет туралы Заңда», «Авторлық құқық туралы»,
«Мұрағаттық қорлар және мұрағаттар туралы», «Мәдени құндылықтарды
алып шығару және әкелу туралы», «Кітапханалық жұмыс туралы»,
«Мұражайлық жұмыс туралы» заңдарда ары қарай дамытылды.
Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай, мәдениеттің
бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді. Бұл жағдайда
саясаттың басты бағыттарына Қазақстанның бай мәдени және тарихи
мұрасын (соның ішінде ЮНЕСКО қамқорлығында тұрған объектілерді де),
ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін сақтау, қалпына келтіру және пайдалану,
мәдени инновацияларды дамыту, мәдени құндылықтарды қорғау жүйесін
орнықтыру, қазіргі өнер мен дарынды жастар өкілдерін қолдау, барлық
азаматтарға мәдениет және оның ұйымдарының нәтижелерін пайдалануға
мүмкіндік туғызу жатады.
Жуық арада негізгі инвестициялық құюларды мәдени мұраның ерекше құнды
объектілерінің материалды-техникалық негіздерін нығайтуға, оларды
қалпына келтіру мен қайта құруға бағыттау жоспарланып отыр. Қазақстанда
шетелдердің мәдениеті мен оларды бағалаудың критерийлерін қалыптастыру
қажеттілігі пісіп жетілді. Халықаралық келісімдер нәтижесінде біздің елдің
қабылдаған, мәдени ынтымақтастық пен айырбас саласындағы барлық
міндеттіліктерді бұлжытпай орындау керек. Олардың әрекеті мәдениетпен
байланысты,
үкіметтік
емес
барлық
халықаралық
ұжымдардағы
Қазақстанның рөлін белсенді ету барған сайын маңызды болып келеді.
Қазақстан мәдениетінің әлемдік қауымдастыққа интеграциялануында, оған
Қазақстан 1992 жылы кірген, ЮНЕСКО халықаралық ұйымының рөлі
маңызды. ЮНЕСКО қолдауымен өткізілген ауқымды шаралардың арасында
Абайдың 1995 жылғы 150 жылдық мерейтойын және 1997 жылғы Мұхтар
Әуезовтың 100 жылдығын халықаралық аталып өткенін ескерген жөн.
Париждегі коллоквиумға және Алматыдағы конференцияға қатысқан,
француз философтары Ж.Перар мен М.Перро Абай шығармашылығын
зерттеу мен талдауға ерекше үлес қосты және оған жаңа тұрғыдан келіп,
Абай мен Серен Кыркегордың көзқарастарына салыстырмалы талдау берді.
Мәдениеттің қалыпты дамуы шығармашыл кадрларды тұрақты түрде жасап
шығару жағдайларында ғана мүмкін. Бұл мақсатта мәдениет пен өнер
саласында көпдеңгейлі кәсіби білім беруді дамыту ойластырылған және
мәдениет қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және кадрларды
ротациялауда тұтас жүйені құру, менеджерлер мен әлеуметтік қызметкерлер
сияқты, жаңа мамандықтар бойынша мамандар дайындау ісіне басымдылық
ұйғарылған.
Кәсіби өнерді қолдаумен қатар, олар бүгін жан-жақты өрістеген және біздің
Отанымыздан тыс елдерде де үлкен табыстарға жеткен, халықтық,
фольклорлық туындылар зор маңыздылыққа ие.
Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-
мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі процесс болып
көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көпэтникалық табиғаты, оның
дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік беретін, шектер мен
өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың рухани өмірі, қаншама
ұлттық құндылықтар бүкіләлемдік, жалпыөркениеттік дерек, құбылыс
маңыздылығына ие болғанда немесе бола алатындығында, соншама
оқиғалығында және қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды
қайтадан жаңғырту тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол
Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың рухани
өзін
білдіруінің
алғышарты
мен
жағдайы,
қазақстандық
ұлт
институционализациясының жүйеқұрастырушы факторы болып табылады.
Халықтың әлеуметтік өмірі, ұлттық сананың әрекет етуі, ұлттық мәдениеттің
болмысы тек күнделікті тіршілікпен шектелмейді. Қазіргі ұлттық
мемлекеттің модернизациялық және өркениеттік тәжірибесінде ұлттық сана
мәдениет универсалийлеріне (әмбебаптарына) қатысты ерекше бір сарапшы
рөлін атқарады: мәселе жалпыадамдық құндылықтардың этностың
дүниетүйсінуіндегі жаңғырығы туралы болып отыр. Бұл әмбебаптарды
сынақтан өткізу де ұжымдық сипатқа ие. Модернизациялық процестер барған
сайын ашық, өзіндік дамушы жүйеге айналады, мәдени ұйымдасу мен халық
типтері мен ұстындары пайда болады. Егер сөз өркениеттік даму
кеңмәтініндегі мәдениет туралы болып отырса, онда мәдениеттің адамдарды
тек қана біріктірмей, оларды ажырататынын да ескеру керек. Экономиканың
ашықтығына ұқсас, көптүрлі мәдени формаларды ассмиляциялауға қабілетті,
«қуатты» ұлттық мәдениеттердің ашықтығы жөнінде де айтуға болады.
Полиэтникалық мемлекет сияқты, әлемдік қауымдастық адамзаттың бірегей
мұрасы ретінде ұлттық мәдениеттердің бүкіл көптүстілігін сақтауға мүдделі.
XX ғасырдың соңы – бұл көркемдік әмбебаптылық дәуірі. Дегенмен,
әмбебаптылық дегеніміз – бір түрлілік емес. Қазіргі заман мәдениеті –
бірлікте, біртекті, сұхбатқа дайын, сонымен қатар әр түрлі, немесе
мәдениеттердің біріге іс-әрекет етуіне, осы саладағы барлық жетістіктерді өз
бойына сіңіру қабілетіне негізделеді. Мұнда міндетті түрдегі сипатталуға ие
емес дәстүрге сүйену жаңа қағидаттарды өңдеудің негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |