Қосымша әдебиет:
1.[1.8:1]; 2.[1.8:2]; 3.[1.8:3]; 4.[1.8:7]; 4.[1.8:18]
№17 лекция тақырыбы:
Қазақ фольклоры және түркі халықтарының ауыз әдебиеті
ХІҮ апта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі:
Қазақ фольклорының ерте замандардың жемісі екендігін кез келген
зерттеушілер айтады. Соның дәлелі ретінде Сақ, Ғұн, Түркі дәуірлерін алға тартады.
Бұның анық екендігін тарих та түсіндіріп келеді. Қазақ халқының түркі халықтарының
құрамында болуы белгілі бір тайпаны құрағандығы жөнінде деректер мен мәліметтер
барлығын ешкім жоққа шығармайды. Мәселе, соның фольклордағы сәулесін танып,
дәуірлік кезеңдерін тап басып түсінуде жатыр. Бұл орайда түркі халықтарына ортақ
ежелгі әдебиеттегі (Ү-ХҮ ғғ) фольклордың әсеріне назар аудару қажет. Айталық, мифтер,
аңыз-әңгімелер, халық өлеңдері, мақал-мәтелдер түркі жазба ескерткіштерінен орын
алған. Олардың ішінде күні-бүгінге дейін қазақ халқы арасында қолданып келе
жатқаны баршылық. Мысалы: Орхон-Енисей жазбаларындағы ерлік пафосы мен
эпостық жырлардың өрелесуі ғылымда дәлелденді. Ондағы тұрақты сөз тіркестері, мақал-
мәтелдер біздің фольклорымызбен сәйкес келеді. Фонетикалық дыбыстық жағынан
былай қойғанда, сөз бе-сөз дәлдіктер көрінеді.
ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы жасаған Қорқыт барлық түркі тектес халықтар мұрасынан
орын алған. Оның өсиет сөздері мақал-мәтел болып тарап, түркі тектес халықтардың
мұрасына ортақ болып кеткен. Қорқыттың тікелей өзіне қатысты аңыдардың өзі қазақ
фольклорынан ойып тұрып орын алады. Керек десеңіз жазба әдебиетіне жалғасып жатыр.
Қорқыттың кітабындағы 12 жырдың сюжеттік негізі «Қобыланды батыр», «Алпамыс
батыр» жырларымен сәйкестенетіні Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан еңбектерінде
дәлелденді. Бұл орайда, «Оғыз нама» эпосында тікелей қазақ эпосына қарым-қатынасты
болып келеді. Түркі халықтары дәуіріндегі ортақтасатын сюжеттер көбіне эпостан
табылып, оның түркі халықтарының бәріне таралуынан аңғарылады. Түркі дәуіріне
қатысты қазақ эпостары «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Ер
Тарғын» т.б. екендігі зерттеулер арқылы жауап берілді. Түркі әлемін бір ғана Ү-ҮІІІ
ғғ. Шеңберімен емес, Алтын Орда, Ноғайлы дәуірлерімен сабақтастыра қарау
арқылы жырлардың сюжеттік арқауын халық прозасының оқиғасын білуге болады.
Осы үзілмес арқаудың ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жыраулық поэзиядан да аңғарамыз.
Жыраулар шығармасы түркі әлеміне соқпай кетпейді. Шежірелей баяндау, түрлі толғау
ментермелерде түркі дәуірі қалайда айтылады. Осының бәрі фольклорлықдәстүр арқылы
жасалып, фольклор заңдылықтарына сай орындалған. Мәселен: жыраулардың толғау,
терме, арнауларындағы үздіксіз қайталаулар, көркемдеу құралдары фольклорлық дәстүрді
толық мойындатады. Толғаудың өзі-фольклордың жанры. Тұрмыс-салт жырларының
көпшілігі толғау негізінде орындалатыны анық. Оның ең басты көрсеткіштері
формулалық жақтарынан аңғарылады екен. Жыраулардың көптеген мұралары ел аузында
жатталып, ұрпаққа фольклорлық дәстүр негізінде жетті. Халық жадында сақталып қалды.
Бұл мәселеде ұжымдық жағынан жыраулық поэзияның үздіксіз айтылып, кейінге дейін
жетуі фольклорға тән ерекшелік екендігін көреміз. Жыраулардың өзі жыр жырлап,
көлемді дастандар қалдырғандығы анық.
Ендеше фольклорлық дәстүр белгісі жыраулық поэзиядан көрініп, кейінгі ақын, сал-
серілер шығармаларында жалғасын тапқаны анық. Бұл жалғастық бұдан кейін жазба
әдебиеті арқылы дамып, фольклордың өлмес өміршең екендігін жан-жақты айқындап
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: