Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36

Қосымша әдебиет: 
1.[1.8:1]; 2.[1.8:6]; 3.[1.8:3]; 4.[1.8:11]; 5.[1.8:13] 
 
№14 лекция тақырыбы:
Айтыс 
ХІІ апта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі: 
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде батырлар жырынан соңғы 
көлемі жағынан көбі де, әлеуметтік шындықты терең ашу жағынан көрнектісі де “Айтыс” 
жанры. Ол сонау замандарда шыққан бәдік айтыстың көне түрінен өрбиді де, аяғы қазіргі 
дәуірдегі ақындар айтысына тіреледі.
Айтыстың мағынасы осындай кең болғанымен, “айтыс” ұғымының ішіндегі ең 
басымы – өлеңмен айтысу. Жазу әдебиетінің тарихы әріден келе жатқан, грек, рим 
елдерінде айтыс ұшыраспайды. Тек ерте замандарда бой көрсеткен араб елінде айәтыс 
үлкен орын алған. Арбтарда біздің айтысқа ұқсас өлеңмен сөйлесу бар. Зерттеушілердің 
сөзіне қарағанда, көбінесе арабтардың көшпелі тайпалары – бәдәуилер арсында 
ұшырасатын көрінеді. Басқа елдердің жазба әдебиетінде айтыс өнері жоқ.
Ертеден көшпелі тұрмыс құрып келген қазақ, түрікмен, монғол сықылды елдерде 
айтыс жанры дәстүрге айналған. 
Айтыс – қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан жанр. Ертеде 
шыққан айтыс “ау-жар” (жар-жар), бәдік айтыстары болған. Бірақ ескі заманда шыққан 
айтыстың туған мезгілін, шығарушысын шамалау қиын, бұлар ауыздан-ауызға көшіп, 
халық қазынасына айналып кеткен. ХІХ ғасырға дейінгі тарихта аты мәлім айтыс 
ақындарын қазақ қазақ әдебиетінің тарихынан кездестіре алмаймыз. Себебі ХІХ ғасыр 
әдебиетіндегі қағаз бетіне түскені, жазылып алынғаны жоқ. Сондықтан Сыпыра жырау, 
Асан қайғы секілді ертегіге айналған ақындар тарихта сақталған.
Шынында, айтыс жанры ақынның атымен тығыз байланысты. Көшпелі қазақ 
тұрмысы жағдайында, жазба әдебиеті болмаған кезде ақынға “ақын” деген атақ әперетін 
ең басты байқау – айтыс болған. Ақын атағын алу үшін ол өзінің ақындық күшін көп 
алдында таныту керек, ал ақын болғысы келген адам өзінің ақындық қабілетін таныту 
үшін бұрын “ақын” деп танылған адаммен ақындығын жарыстырып, көптің сынына 
түседі. егер осы жарыста отырғандар мақұлдаса, оның көпшілік алдында танылғаны, ал 
көптің көңілі толмаса ақын деп танылмағаны.


Қазақ айтысы негізінен ХІХ ғасыр шеңберінде ел арасынан көбірек жинақталған. Бұдан 
әрі де тек М. Қашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде «Қыс пен жаздың» 
айтысы ұшырасады. Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны айтыс үлгісінде жазылған. 
Айтыс тек қана қазақ арасында ғана емес, бізбен тектес көптеген елдерде де бар. 
Айтыстың ерекше дамыған жері үнді елі, Арабтардың бәдәулиелер арасы, қарақалпақ
башқұрт, алтай елдері т.б. жерлерде айтыс ұшырасады. 
Қазақ айтысы суырыпсалмалық өнер бәсекесі. Қалыптасу жағынан айтыс негізінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет