14
нәтижесінде пайда болатынын түсінді. Бірақ, Н.Д.Чистяков бӛліну
фазаларының тәртібін толықтай біле алмады. 1875 жылы клетканың бӛлінуін
сипаттайтын бірнеше жаңа енбектер басылып шықты. Э.Страсбургер бірнеше
ӛсімдіктер митозын сипаттайтын "Клетканың бӛлінуі және клетканың пайда
болуы"
деген
монографиясын
жарыққа
шығарды.
Страсбургер
ӛсімдіктермен бірге шеміршек клеткаларының, асцидий жұмыртқасының
бӛлінулерін де қарастырды. Түрлі ағзалардың тікелей емес бӛлінуі ортақ
заңдылықпен жүретінін Страсбургер дұрыс түсінді. Бірақ та митоздың жеке
кӛріністеріне толық баға бере алмады.
1878-1879 жылдары кариокинез ашылуының шарықтау кезеңі болып
саналады. 1878 жылы Страсбургердін "Клетканың бӛлінуі және ұрықтану
жӛнінде" деген екінші монографиясы шықты. 1879 жылы В. Шлейхердің,
П.И.Перемежконың және В. Флеммингтің осы тақырыпқа арналған еңбектері
жарық кӛрді. Флемминг ӛзінің "Клетканың субстанциясы, ядросы және
клетканын бӛлінуі" атты (1882) монографиясында кариокинез жӛнінде шыққан
жұмыстарға қорытынды жасады. Осы кездегі қолданылып жүрген
кариокинезге
байланысты
кӛптеген
терминдер
Флеммингтің
осы
монографиясында қолданылған. Мысалы: тікелей және тікелей емес бӛліну,
митоз және амитоз, ядро торы, хроматин мен ахроматин, экваторлық
пластинка, аналық және балалық жұлдыздар. "Кариокинез" деген терминді
қазіргі мағынасында пайдаланған да Флемминг.
"Профаза", "Метафаза" және "анафаза" деген терминдерді Э.
Страсбургер 1884 жылы, "телофаза" деген терминді 1894 жылы Гейденгайн
ұсынған.
Соңғы жылдары цитология морфологиялық-сипаттау ғылымынан
экспериментальді ғылымға айналып, клеткалардың физиологиясы мен
олардың тіршіліктегі негізгі функцияларын, қасиеттерін және биологиясын
зерттеуді мақсат тұтты. Басқаша айтқанда замануи цитология – клетканың
физиологиясы. Зерттеушілердің бұл бағытқа ауысуы цитологияның
биохимия,
биофизика,
молекулалық
биология
және
генетиканың
методологиялық және ғылыми жетістіктерімен тығыз байланыста болуы.
Достарыңызбен бөлісу: