Негіздері


Қанның гистогенезі (гемопоэз)



Pdf көрінісі
бет170/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

2.2.4 Қанның гистогенезі (гемопоэз) 
Қанның түзілу процесі гемопоэз (грекше һаіmа — қан, poesis — түзілу) деп 
аталады. 
Гемопоэзді 
екі 
кезеңге 
бӛледі 
эмбрионалдық 
және 
постэмбрионалдық. 
Эмбрионалдық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбрионалдық даму кезеңіндегі 
түзілу процесі, ал постэмбрионалдық гемопоэз ұрықтың туылғаннан кейін 
қанында жүретін физиологиялық регенерация. Эритроциттердің түзілуін 
эритропоэз, гранулоциттердің жетілуін гранулопоэз, тромбоциттердің дамуын 
тромбоцитопоэз, моноциттердің түзілуін моноцитопоэз, лимфоциттердің 
дамып жетілуін лимфоцитопоэз деп атайды. 
Эмбрионалдық кезеңдегі қанның тҥзілуі 
Қанның ұлпа ретінде дамуы бастапқы кезде эмбриондардың сары уыз 
қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйектің қызыл кемігінде 
және лимфа түзуші мүшелерде (тимус, кӛк бауыр, лимфалық түйіндерде) 
жүреді. Қан жасушаларының барлығы мезенхимадан дамып жетіледі. 
Эмбрионалдық қанның түзілуі барысында, онымен қатар тамырлар жүйесінің 
қалыптасуы да жүреді. Бұл процесс жүретін жерде мезенхиманың 
жасушалары топталып, пішінін ӛзгертіп, жұмырланып қан аралшықтарына 
айналады. Қан аралшықтарындағы жасушалар арасына ұлпалық сұйық 
жиналады. Аралшықтардың шетіңде орналаскан жасушалардың бір бӛлігі 
тамырдың келешек қабырғасының бастамасын құрайды. Аралшықтардың 
саны тез артып, қысқа түтікшелерге айналады, олар кейін қосылып жалпы 
тамырлар жүйесін құрайды. Олардың арасында қанның бағаналы (стволовые) 
жасушалары түзіледі. Бағаналы жасушалардың бір тобы алғашқы қан 
жасушаларына жіктеледі. Бұларды 
бластар
– қанның жас жасушалары дейді. 
Алғашқы қан жасушалары митоздық жолмен бӛлініп, ірі кӛлемді 
эритробластарға 
айналады. 
Эритроциттердің 
түзілуі 
ірі 
кӛлемді 
эритробластарда 
гемоглобиннің 
жиналуынан 
басталады. 
Гемоглобин 
жиналуының салдарынан цитоплазма базофилдігін жойып бірте-бірте қышқыл 
бояғыштармен боялатын болады, яғни оксофилді эритробластқа айналады. 
Кӛлемі ұлғая келе, олардан мегалоциттер түзіледі. Қанның осындай 
жолмен дамып жетілуін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет