Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.4.2.1 – «Тоқырау» кезеңіндегі өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;
10.4.1.1 – Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру
Қысқаша қорытынды мазмұндама жазу
(жазылым)
Пәнге қатысты лексика мен терминология урбанизация, репатриант, тоқырау, кеңшар, интенсивті/экстенсивті шаруашылық, бәсекеге қабілетті тауар өндірісі
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер 1965 жылғы экономикалық реформалардың негізгі мақсаттары ...
Тоқыраудың негізгі себептері...
Оқушылар 10.1 А. және 10.1В бөлімдерінен Қазақстанның соғыстан кейінгі және 1950-60жж. «Жылымық» кезеңіндегі саяси-экономикалық, әлеуметтік даму ерекшеліктерін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарын таныстырамын.
(БЫМ) Сабақты бастамас бұрын оқушыларға төмендегі суреттерді интерактивті тақтадан көрсетіп, келесі сұрақтарға жауап берулерін сұраймын.
Берілген суреттерден қандай ой түйін жасауға болады?
Бұл суреттердің арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
Жалпы осы кездегі КСРО-ның қоғамдағы жағдайы туралы қандай ақпарат алуға болады?
Сабақтың ортасы
Интерпретация (М) Оқушыларға «Тоқырау» сөзін қалай түсінесіздер? деген сұрақ қоямын. Оқушылардың пікірлерін тыңдаймын.
"Тоқырау" кезеңінің негізгі ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасаймын.
Зерттеу және талдау Д/Ж «Тұлғаны тану» Леонид Брежнев туралы төмендегі сұрақтарға жауап алыңыз.