Негіздері


мезенхималық, эпидермальді, нейральді



Pdf көрінісі
бет209/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

мезенхималық, эпидермальді, нейральді
болып жіктеледі. 


253 
Мезенхималық ет ҧлпасы
– онда миоциттерінің ұзындығы 20-500 
мкм, ені 5-8 мкм, жіп тәрізді жасушалар. Ядросы таяқша пішіндес, миоцит 
жиырылған кезде пішіні ӛзгеріске ұшырайды. Органоидтардан ең кӛбі 
митохондрия, Гольджи комплексі мен түйіршікті эндоплазмалық тор нашар 
дамыған, бірақ бос рибосомалары болады. Миоциттердің цитоплазмасында 
актин филаменттері ұзыннан орналасып, плазмалеммаға арнайы тығыз 
денешіктер арқылы байланысады. Миозин мономерлері актинмен қатарласа 
орналасады. Жүйке импульсі миоциттерге жүйке талшықтары арқылы келеді.
Жүйке талшықтарының терминальді бӛлігінен келген медиаторлар 
плазмолемманың пішінін ӛзгеріске ұшыратып, ойыстар (кавеола) пайда 
болады. 
132 – сурет. Бірыңғай салалы бҧлшық ет ҧлпасының 
 жасушалары
(http://www.claw.ru/a-man/1140.htm). 
Ойыста кальций иондары жиналып, цитоплазмаға қарай кӛпіршік 
түрінде ӛтеді де, кальций иондары кӛпіршіктен босап, миозин мен актин 
филаменттерін әрекеттестіреді (полимеризация). Осының әсерінен миоцит 
қысқарып жиырылады. Жүйке жүйесінен сигналдар тоқтаған кезде, 
ойыстардан кальций иондары кӛшіп (эвакуация), миозин филаментінің 
әрекеттесуі тоқтайды (деполимеризация). Сонымен, актин-миозин комплексі 
бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасындағы миоциттердің жиырылуы кезінде 
ғана жүреді.
Миоциттер бір-бірімен нексустар арқылы байланысады. Әрбір 
миоциттердің сыртын базальді мембрана қоршайды. Ал, миоциттер тобының 


254 
сыртына эластинді, ретикулярлы талшықтар торы орналасып жалпы ұлпалық 
комплексті құрайды.
Эпидермальді ет ҧлпасы – 
жасушалары миоэпителиоциттер, олар 
эпидермадан бастау алады. Миоэпителиоциттер тер, сүт, сілекей және кӛз 
жасы бездерінің құрамында кездеседі. Олар базальді мембранаға бекінеді, 
пішіндері жұлдызша тәрізді, кейде себет пішіндес. Регенерация кезінде осы 
және басқада жасушалар аз маманданған жасушалар бастамасынан 
қалыптасады. Миоэпителиоциттер без жасушаларының сыртын себет тәрізді 
қоршап, механикалық қызмет атқарады. Құрамында жиырылғыш элементтері 
болады, құрылысы жағынан мезенхималық ет ұлпасының миоциттеріне 
ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет