Негіздері



Pdf көрінісі
бет217/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

 
Астроглия
(136-сурет, Б)
 
орталық жүйке жүйесіне
 
тіректік аппарат 
болып саналады. Жасушалары астроциттер. Олардың ӛсінділері жүйке 
жасушаларының ӛсінділері мен денелерінің арасындағы кеңістікті толтырып, 
нейрондар орналасатын тор құрайды. Жасушалары майда кӛп ӛсінділі, 
олардың екі түрі бар: 
протоплазмалы және талшықты

Протоплазмалы 
астроциттер мидың сұр затында орналасады, денесінде ӛсінділері кӛп, олар 
қысқа және тармақталған. Атқаратын қызметтері шектеуші (миды бӛліктерге 
бӛледі) және трофикалық.
Талшықты
астроциттер ӛсінділері ұзын және 
жіңішке болады, олар мидың ақ затында орналасып, тіректік қызмет 
атқарады. Сонымен қатар, олар нейрондарды қоректендіретін шекаралық 
глиялық периваскулярлық мембраналар түзеді. Астроциттердін екі типі ӛзара 
бір-бірімен 
байланысып, 
нейрондар 
орналасатын 
үш 
ӛлшемді 


262 
шырматылған тор құрайды. Астроциттердің бӛлінуі жиі байқалады, орталық 
жүйке жүйесі зақымдалған жағдайда тыртық ұлпалар түзіледі.
Олигодендроглия – 
жасушалары олигодендроциттер. Нейроглия 
құрамында ең кӛп кездесетін майда жасушалар, ӛсінділері аз және ӛте 
жіңішке. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрамындағы нейрондар мен 
жүйке талшықтарының сыртын қоршайды, сұр және ақ затта да кездеседі. 
Солардың бір түрі глиоциттер – сателлиттер нейронның сыртын қаптап 
тұрады. Нейрондардағы ӛсінділерді қаптайтын жасушаларды леммоциттер 
немесе Шванн жасушалары деп те атайды (136-сурет, В). Шванн жасушалары 
миелинденген талшықтардың миелин қабықшасын синтездейтін мамандалған 
олигодендроциттер. Олар жүйке ұштарының құрамына кіреді, жүйке 
жасушаларының ӛсінділерін изоляциялап, қозу импульсінің шашырауына 
кедергі болады, импульсті ӛткізуде елеулі рӛл атқарады. Сонымен қатар, 
олигодендроциттер нейрондарды қоректендіруге және мидағы судың алмасу 
процесіне қатысады

Глиялық жасушалар қан капиллярымен байланысып, олардан алынған 
заттарды ӛңдеп, жүйке жасушаларын дайын жоғары молекулалы заттармен 
қамтамасыз етеді деген мәліметтер бар. Жүйке жүйесінде трофикалық 
қызмет атқарады және зат алмасу процесіне қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет