260
Синапстар әртүрлі болғанымен, олардың құрылысында ортақ белгілері
бар. Синапс аймағындағы аксондар мен дендриттердің ұштары кеңейген
және миелинді қабықшасы болмайды, митохондриялар мен синапстық
кӛпіршіктер кӛп болады. Синапстық кӛпіршіктерде медиаторлар (mediator -
аралық) болады, олар ацетилхолин, адреналин, глутамин қышқылдары.
Медиаторлар – физиологиялық белсенді заттар. Әрбір нейрон белгілі бір
медиаторлардың түрін ғана бӛліп шығарады. Нейрондарды ӛздеріне тән
медиаторлар түрін бӛліп шығаруларына байланысты бірнеше топқа бӛледі:
1. Холинэргиялық - ацетилхолинді бӛліп шығаратындар;
2. Адренэргиялық – катехоламиндерді – норадреналин мен адреналинді
бӛліп шығаратындар;
3. серотонинэргиялық – серотонинді бӛліп шығаратындар;
4. пептидэргиялық – пептидтер мен амин қышқылдарын бӛліп шығарады.
Ацетилхолин медиаторын бӛлетін холинэргиялық нейрондар тобына –
постгангиялық
парасимпатикалық
нейрондар
мен
жұлынның
мотонейрондары жатады.
Катехоламиндерді
(норадреналин
мен
адреналинді)
бӛлетін
адренэргиялық нейрондар тобына – симпатикалық нейрондар мен мидың
кӛптеген нейрондары жатады.
Серотонинді бӛлетін серотонинэргиялық нейрондар тобына – мидың
бағана бӛлігінде орналасқан нейрондар жатады;
Пептидтер мен амин қышқылдарын бӛлетін пептидэргиялық нейрондар
тобына – мидың тӛмпешік асты аймағында орналасқан нейрондар жатады.
Синапс бойы арқылы қозу импульсі ӛтеді, нейронға жеткен импульс синапс
саңылауында
медиатордың
түзілуін
қамтамасыз
етеді.
Медиатр
постсинапстық мембранаға жетіп, оның потенциалын ӛзгертіп, жүйке
жүйесіндегі қоздыруды күшейтеді немесе тӛмендетеді. Бұл құбылыс
кӛптеген жағдайлармен тығыз байланысты. Мысалы, натрий, калий және
хлор иондарының концентрациясына тәуелді. Синапстағы импульстің таралу
жылдамдығы жүйке талшығындағыға қарағанда тӛменірек болады.
Химиялық синапстар қоздырушы және бӛгеуші болып бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: