52
оны
медиатор
деп атайды. Постсинапстық
мембрана ацетилхолин -
экстеразаға жоғары сезімталдылығымен сипатталады. Осы медиатордың
әсер кӛрсетуінен жүйкенің қозуы бір жасушадан
екінші жасушаға беріліп
отырады.
Құрылысы мен орналасу ерекшелігіне байланысты синапстың үш
түрін ажыратады:
1. нейрон аралық;
2. рецептор – нейрондық;
3. нейрон – эффекторлық.
Нейрон аралық синапстар ӛз кезегінде келесілерге бӛлінеді:
а) аксон-сомалық - бір нейронның аксонымен, екінші нейронның денесі
арасындағы байланыс;
б) аксон-дендриттік - бір нейронның аксонымен, екінші нейронның
дендриті арасындағы байланыс;
в) аксон-аксондық - бір нейронның аксонымен, екінші нейронның аксоны
арасындағы байланыс;
г) дендра-сомалық - бір нейронның дендритімен, екінші нейронның денесі
арасындағы байланыс;
д) дендра-дендриттік - бір нейронның дендритімен, екінші нейронның
денриті арасындағы байланыс;
е) сома-сомалық - бір нейронның денесімен екінші нейронның денесі
арасындағы байланыс.
Синапстар әртүрлі болғанымен, олардың құрылысына ортақ белгілер тән.
Синапс аймағындағы аксондар мен дендриттердің ұштары кеңейген және
миелинді қабықша болмайды. Аксондардың бұл бӛлігінде
синапстық
кӛпіршіктер мен митохондриялар кӛп болады. Синапстық кӛпіршіктерде
медиаторлар болады, оған жататындар: ацетилхолин,
адреналин, гамма-
амин майы және глутамин қышқылдары. Нейрондардың әрбір жеке түрі
медиаторлардың белгілі бір түрін ғана бӛледі. Бӛлетін медиаторлар түріне
тәуелді нейрондарды келесіге ажыратады:
1. холинэргалық – ацетилхолинді бӛледі;
2. адренэргалық – катехолгенді, норадреналинді, адреналинді бӛледі;
3. серотонинэргалық – серотонинді бӛледі;
4. пептидэргалық – пептидтер мен аминқышқылдарын бӛледі.
Плазмодесмалар
– жіңішке түтік тәрізді цитоплазманың ӛсіндісі,
мӛлшері 40-50 нм
шамасында, кӛршілес жатқан екі жасушаны бір-бірімен
байланыстырады. Жасуша аралық байланыстың бұл түрі ӛсімдіктерде
кездеседі,
оны
1881
жылы
И.Н.Горожанкин
сипаттап
жазған.
Плазмодесмалар жасушаларды қоршаған мембраналар арқылы ӛтіп,
құрамында қоректік заттар, иондар және жасушаға қажетті қосылыстар бар
53
ерітінділердің жасуша аралық ағымын қамтамасыз етеді.
Кейбір
ӛсімдіктерде плазмодесмалар кӛршілес жатқан екі жасушалардың
гиалоплазмасын байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: