Негіздері



Pdf көрінісі
бет43/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

десмосомалық байланыс
 
– кӛрші орналасқан екі жасушалар 
мембранасында пішіні түймеге ұқсас ӛсінділер. Бұл байланыс эпителий 
жасушаларында кездеседі. Екі кӛршілес жасушалардың ара қашықтығы
25 - 30 нм, ондағы белоктардан диаметрі 0,5 нм болатын тығыз пластинка 
түзіледі, оны 
десмосома 
деп атайды. Десмосомадан цитоплазмаға жіңішке 
жіпшелер тарайды, олар цитоқаңқаның филаменттерімен байланысады. 
Десмосома эпителиоциттер плазмолеммалары аралығында (22-сурет А), 
олардың механикалық байланысын қамтамасыз етеді Эпителий жасушалары 
десмосома арқылы жартылай базальді мембранамен байланыста болады. 
-
 
Тығыз байланысу
— ұлпалар жасуша аралық саңылауларын 
қоршаған ортадан оқшаулау арқылы, олардың ішкі ортасын сыртқы ортадан 
бӛледі. Кӛрші жасушалар плазмолеммаларының интегральды протеиндері 
бір-бірімен байланысып, жасуша аралық қосылу аймақтарын түзеді. Тығыз 
жанасу арқылы иондар мен молекулалар ӛте алмайды (23-сурет А,Б). Тығыз 
жанасу эпителий жасушаларының апикальды ұштары аралығында болады.
 

 
 
Саңылаулы байланыс немесе нексус - 
0,5-3 мкм жасуша арлық 
аймақты қамтиды. Кӛрші жасушалардың плазмолеммалары аралығында
21 – сурет. 
Жасуша аралық 
байланыстың тҥрлері 
1 — жәй жасуша аралық 
байланыс; 
2 — құлып тәрізді байланыс; 
3 — саңылаулы байланыс
(нексус); 
4 — тығыз байланыс; 
5 — десмосома. 


50 
2-3 нм саңылау
 
қалады (22 сурет Б).  Нексус аймағындағы кӛрші жасушалар 
плазмолеммасында арнайы протеиндік кешеннен түзілген, арналары 1,5-2 
нм ӛзекшелер болады. Олар плазмолеммалар аралығындағы саңылауда бір-
бірінің ұштары арқылы ӛзара түйісіп, әртүрлі иондар мен ұсақ 
молекулаларды бір жасушадан екінші жасушаға ӛткізетін ӛзектік бірліктер 
— 
коннексондарды
түзеді. Коннексондар жасушалардың зат алмасуы мен 
электрлік әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Коннексондар арқылы протеиндер 
мен амин қышқылдарының ірі молекулалары ӛтпейді. Нексус қозу процесі 
жүретін ұлпалар мен мүшелерде кездеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет