59
Портер
1945 жылы балапан фибробластарының ӛте жұқа кесіндісін
электрондық микроскоп арқылы зерттеу барысында ЭПТ анықтаған. Ал,
1953 жылы оны
эндоплазмалық тор
деп атауды ұсынды. Осы жылдары
ультра – жұқа кесінділер дайындау әдістері жетіліп, эндоплазмалық тордың
екі түрі анықталды:
1.
Түйіршікті
(гранулалы);
2.
Түйіршіксіз
(агранулалы).
Түйіршікті эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында
рибосомалар
орналасады,
ал
түйіршіксіз
эндоплазмалық
тор
қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша
цитоплазмасында жеке немесе топтаса орналасады (29 сурет).
Түйіршіксіз эндоплазмалық тордың
мембраналарында кӛмірсулар
мен майдың алмасуына қатысатын ферменттер жүйесі бар.
Бауыр
гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде түйіршіксіз эндоплазмалық
тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Түйіршіксіз эндоплазмалық торда
полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен ыдырауы), жасуша жарғағы
құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері
жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды
тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады
(гепатоциттерде), ядро қабықшасы — кариолемманы
плазмолеммамен
Достарыңызбен бөлісу: