63
арнаулы бояулар арқылы
митохондриялардың
анық кӛрінетінін
дәлелдеп,
оларды «биобластар» деп атады. Бенде 1898 жылы бұл органоидқа
митохондриялар
деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың
митохондрияларын
жасыл янус бояуымен бояп, олардың жасушадағы
тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап кӛрсетті.
Митохондриялардың кӛлемі тұрақты емес,
сондықтан да олардың
сыртқы пішіні әрдайым ӛзгермелі келеді. Кӛп жасушаларда олардың
калыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді
митохондриялар) 7—10 мкм дейін жетеді.
Митохондриялардың шын
кӛлемін жарық микроскопымен анықтау қиын. Электронды микроскоппен
митохондриялардың жұқа (400—500 А°) кесінділерін тексеру арқылы да
оның кӛлемін дәлелдеу оңайға түспейді. Сондықтан да мүмкіндігінше
митохондриядан алынған кӛптеген жұқа кесінділердің реконструкциясын
(кеңістіктегі кӛлемі) жасап, оның нақты кӛлемін анықтауға болады.
Митохондрияның саны жасушаның түріне қарай ауытқымалы болады.
Кейбір балдырлардың жасушаларында және
қарапайымдарда бір ғана
митохондрия, ал әртүрлі жануарлардың аталық жыныс жасушаларында
(спермотозоид) олардың саны 20 - 70-ке дейін, сүтқоректілердің дене
жасушаларында 500 - 1000 дейін, алып амебада 500000 дейін жетеді.
Жасушалардағы митохондриялар жиынтығын
Достарыңызбен бөлісу: