67
Рибосомалар
цитоплазмада
топтасып
(5-70-тен)
орналасып,
полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен
құралған
(протеин мен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді
боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі. Рибосома
митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның ӛзіне
керекті
протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар
жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады.
1.6.6 Гольджи аппараты
Гольджи аппараты
бірінің үстіне бірі жанаса орналасқан дискі тәрізді
ірі қуыстардан (цистерналардан) тұрады (35, 36 суреттер). Ол
қуыстардан
жан-жаққа бағытталған, ұштарында кӛпіршіктері бар түтікшелер тарайтын
мембраналы органелла. Қуыстарда синтезделген және ыдыраған ӛнімдер,
жасушаға түсетін және жасушадан шығарылатын заттар жиналады.
35 – сурет.
Гольджи
аппаратының
жалпы
кӛрінісі
Гольджи жиынтығын ӛткен ғасырдың
соңында италия ғалымы
Камилло Гольджи 1898 жылы жүйке жасушаларынан тауып, торлы
жиынтыққа бірінші болып сипаттама берген.
Омыртқасыз жануарлар мен
ӛсімдіктер жасушаларында да табылған бұл жиынтықты диктиосома (грек.
"диктиес"—тор) немесе Гольджи жиынтығы деп атаған.
Гольджи жиынтығын электронды микроскоппен зерттеу барысында
үш бӛліктен тұратыны анықталды:
1. Тегіс мембраналармен шектеліп,
жұптаса орналасқан жалпақ
цистерналар жүйесі. Цистерналардың ара қашықтығы 14-15 нм, олардың
әрбіреуінің ішкі қуысының ені 9 нм, мембраналарының қалыңдығы 7 нм
болады;
кӛпіршіктер
цистерналары
тҥтікшелер
68
2. Цистерналардың ұштарында орналасқан диаметрі 30-50 нм
құрайтын майда кӛпіршіктер;
3. Ірі вакуольдер, олардың диаметрі 0,2-0,3 мкм шамасында.
Гольджи жиынтығы ішінде ӛнімдерді
тасымалдауға қатысатын және
оның қозғалысын реттейтін микротүтікшелер жүйесінің болатыны
анықталды.
Гольджи жиынтығындағы цистерналар текесінің дӛңес және ойыс
беттерін ажыратады. Дӛңес беті материалдар түзілетін орын,
ойыс беті
секреттердің бӛлінетін орны деп қарастырылады. Секрет алдымен
цистерналар мен кӛпіршіктерге жиналады,
бірте-бірте пісіп жетіліп, ірі
вакуольге айналады. Вакуоль жасушаға жанасқанда, оның мембранасы
жасуша
мембранасымен қосылып, секрет сыртқа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: