70
Бұл ферменттердің молекулалары түйіршікті эндоплазмалық тордың
рибосомаларында синтезделінеді де, тасымалдаушы кӛпіршіктермен
Гольджи кешеніне тасымалданып, сол жерде модификацияланады. Гольджи
кешенінің цистерналарының жетілген бетінен алғашқы лизосомалар
бүршіктеніп бӛлінеді.
Жасушадағы барлық лизосомалар лизосома кеңістігін түзейді, бұл
кеңістікте протон насосының кӛмегімен үнемі pH – 3,5-5,0 қышқылды орта
сақталады, сондықтан олар цитоплазманы
осы ферменттердің әсерінен
қорғап тұрады. Лизосома мембранасының бүтіндігі бұзылса ферменттердің
белсенді шабуылынан жасуша бұзылып, тіршілігін жояды.
38 – сурет. Лизосомалардың
электрондық микросуреттері
1 — бірінші реттік лизосома (ішіндегі заттары гомогенді), 2 — екінші реттік лизосома
(ішінде тығыз заттары бар), 3 — митохондриялар, 4 — мультивезикулярлы денешіктер
(H.G.Burkit, В. Young, J. W. Heath бойынша).
Лизосомалар функциясы – жоғары
молекулалы қосылыстар мен
бӛлшектердің жасуша ішілік лизисі, яғни қорытылуы. Жасушадағы жоғары
молекулалық бӛлшектерге, эндоцитоз кезінде сырттан келіп түскен
органеллалар мен қосымшалар жатады. Мұндай ұсталынған бӛлшектер
мембранамен
қапталады.
Бұл
кешен
фагосома
деп
аталады.
Жасуша ішілік лизис үрдісі бірнеше этаптарда жүреді. Алғашқы лизосома
фагосомамен қосылып, екінші реттегі лизосома
немесе фаголизосома деп
71
аталады. Екінші реттегі лизосомада ферменттердің белсенділігі жоғарылап
жасушаға түскен полимерлерді мономерлерге дейін ыдыратады.
Қорытылған
ӛнімдер
лизосома
мембранасы
арқылы
цитозольге
шығарылады. Қорытылмаған заттар кӛп уақытқа дейін лизосоманың ішінде
жасушада сақталады, оларды
Достарыңызбен бөлісу: