Негіздері



Pdf көрінісі
бет67/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

1.7 Ядро 
Ядроның
негiзгi компоненттерi: ядро қабықшасы, ядро шырыны, 
ядрошық және хроматин.
Ядро қабықшасы.
Электрондық микроскоптың мәліметтері бойынша 
ядро қабықшасы екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі мембраналардан. 
Әрқайсысының қалындығы 7 нм шамасында. Морфологиялық жағынан 
клетка ішіндегі басқа мембраналардан айырмасы жоқ, белоктар мен 
липидтерден тұрады. Сыртқы және ішкі (42-сурет) мембрана арасында 
перинуклеарлық кеңістік бар, оның ені 20 нм-ден 60 нм-ге дейін жетеді. 
Ядроның қабықшасы клетканың бӛліну кезеңінде жойылып цитоплазманың 
құрамына кіреді де, клетка мембранасының жалпы қорын толтырады. Ядро 
қабықшасының екі қабатты екенін 1882 ж. Флемминг ашқан.
42 – сурет. Жасуша ядросының сызба нҧсқасы 
(http://bio.fizteh.ru/student/files/biology/biolections/lection13.html

Ядро қуысы 
Ядро қабықшасы 
ядроның сыртқы
қабықшасы 
ядроның ішкі 
қабықшасы 
Перинуклеарлы кеңістік 
Ламина 
 
ЭПТ мембранасы 
ЭПТ қуысы 
ядро саңлаулары 


80 
 
Ядроның сыртқы мембранасы эндоплазмалық тордың мембранасына 
жалғасады және оның цитоплазмаға қараған бетінде рибосомалар 
орналасқан. Бұл ядро қабықшасы мен эндоплазмалық тордың ұқсас және 
бір-бірімен байланысты екенін кӛрсетеді. Сондықтан, ядро қабықшасын 
эндоплазмалық тордың туындысы деп қарастырады. Кӛптеген жануарлар 
мен ӛсімдіктер клеткаларының ядро қабықшасының сыртқы мембранасы 
тегіс емес, цитоплазмаға қараған бетінде дӛңестер мен ӛсінділер болады. 
Ішкі мембрана ядроның хромосомалық материалымен ұштасады. Әртүрлі 
клеткалардың ядро қабықшасында диаметрі 80-90 нм саңлаулардың 
кӛптеген саны болады. 
Саңлаулар саны ауытқымалы және ол ядролардың 
үлкендігі мен клеткалардың функциялық белсенділігіне тәуелді. 
Клеткадағы синтез процестері неғұрлым жоғары болса, саңлаулар саны 
соғұрлым кӛп болады. Ядро қабықшасының қызметi - қорғаныштық, зат 
алмасу процесін реттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет