82
екі
еселенуге
қабілеті,
гендік
информацияны
ұрпақтан-ұрпаққа
жалғастырушы, кұрылысы жағынан күрделі клетка компоненттері.
Жарық микроскопымен интерфазалық ядроны зерттеу барысында
хромосомалар жіңішке жіпше немесе түйіршіктер түрінде кӛрініс берсе,
метафаза кезінде анық кӛрінеді. Осы фазада
бір-бірін орай орналасқан
жуандаған жіптерден — хроматидтерден тұратын таяқша тәрізді болады.
Эукариотты жасушалардың негізгі тұқым қуалайтын материалдары ядрода,
ал оның кішкене бӛлігі цитоплазмада орналасқан. Цитоплазмадағы тұқым
қуалайтын материал жасушаның органоидтарында –
митохондрияларда
және пластидтерде болады, ол сақина тәрізді ДНҚ молекуласынан тұрады.
Цитоплазмалық тұқым қуалаудың кӛрініс
беруі ядродағы ДНҚ-ның
бақылауында болады және жұмыртқа жасушасының цитоплазмасы арқылы
берілетін аналық сала жағындағы ерекше
біржақты тұқым қуалау типі
болып саналады. Цитоплазмадағы тұқым қуалау бастамаларын плазмондар,
ал бастаманың ӛзін – плазмагендер деп атайды.
Ядродағы хромосомалардың құрылысы күрделі, ДНҚ мен гистонды
белоктардан тұрады. Хромосомалардың
жеке қызмет атқарулары
митотикалық циклдың кезеңдері мен фазаларына және оның құрылымдық
қызметінің ширатылған жағдайдан ширатылмаған
жағдайға ауысуына
байланысты. Митотикалық циклдың кезеңдеріне тәуелді хромосомаларды
Достарыңызбен бөлісу: