Негіздері



Pdf көрінісі
бет68/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Ядро шырыны 
ядроның iшкi ортасын түзеді, оны
 
кариоплазма немесе
кариолимфа деп атайды. Онда интерфазалық ядроның ядрошығы мен 
хромосомалар орналасады. Жарық және электрондық микроскоппен
кӛрінбейді. Ядро шырынының мӛлшері әртүрлі болып келеді. Бір 
ядроларда кариоплазма аз (тимустың лимфоциттерінің ядро-ларында т. б.), 
екіншілері кариолимфаға бай болады. Ядро шырынының тұтқырлығы 
цитоплазманың негізгі затының тұтқырлығындай. Ядро шырынында 
белоктар мен РНҚ және нуклеин кышқылдарының синтезіне қатысатын 
ферменттер мен липидтер болады. Мұнда ядроға тән ферменттер кӛп. 
Олардың ішінде АТФ түзуге қатысатын гликолиз ферменттері маңызды рӛл 
аткарады. Ядрода (кариоплазмада) фосфорлық алмасу ферменттері, бос 
нуклеотидтерді синтездеу мен ыдыратуға қатысатын ферменттер тобы
АТФ-азаның ерекше орыны бар. Әсіресе тотықтыру-тотықсыздандыру 
реакцияларында маңызды рӛл атқаратын никотинамидадениндинуклеотид 
(НАД) синтезін катализдейтін НАД-пирофосфорилазаны атауға болады. 
Кариоплазмада белоктық және амин қышқылдық алмасудың ферменттері — 
аргиназа, каталаза, трипсин және тағы басқалар байқалған. Хроматин мен 
ядрошықта синтезделген ӛнімдер ядро шырынында жиналады. Олар 
цитоплазмаға барғанға дейін ядро шырыны арқылы ӛтіп, елеулі ӛзгерістерге 
ұшырайды. Сонымен, ядро шырыны ядро ішінде жүретін әр түрлі 
процестерге энергия жеткізеді. Жасушаның бӛлiнуіне және
рибосомалардың түзілуіне қатысады. 

Ядрошық -
интерфазалық ядроның тұрақты бӛлігі. Бактериялар мен 
кӛкжасыл балдырлардан басқа барлық тірі ағзаларда ядрошық бар. Мысалы, 


81 
жануарлар, ӛсімдіктер және қарапайымдылардың клеткаларында байқалған.
Ядрошықтың кӛлемі әртүрлі. Оның типі клетканың типіне және 
метаболизмдік жағдайына байланысты. Белсенділігі жоғары клеткаларға ірі 
және тығыз ядрошықтар тән. Мысалы, эмбрион, белоктарды жедел 
синтездейтін 
клеткаларға, 
сүт-қоректілердің 
ооциттеріне, 
жүйке 
клеткаларына, кейбір бездер клеткаларына. Тығыз және кӛлемі кіші 
ядроларға кіші ядрошықтар тән. Ал, клеткалардың кейбірінде бірнеше 
ядрошық болады. Ядроның ең тығыз бӛлігі ядрошық. Химиялық құрамы 
жағынан 
ядрошық 
РНҚ 
концентрациясының 
жоғары 
болуымен 
ерекшеленеді. Оның негізгі компоненттері РНҚ мен фосфопротеиндер типті 
қышқыл белоктар. Сондай-ақ, кальцийдің, магнийдің, темірдің, мырыштың 
бос немесе байланысқан фосфаттары да байқалған. Ядрошықта 
нуклеотидтердің алмасуына қажетті ферменттер де бар. Бұл ферменттердің 
белсенділігі цитоплазмадағыдан жоғары. Сондықтан, цитоплазмаға 
қарағанда ядрошықта белоктың синтезделуі бірнеше есе артық жүреді. 
Ядрошық тұрақты құрылым емес, митоздың бас кезінде жойылып
телофазаның аяғында қайтадан түзіледі. Ядрошықтың функциялық 
ӛзгерістері олардың саны мен кӛлемінің ауытқуына байланысты. 
Ядрошықта рибосомалар қалыптасатын болғандықтан, ядрошықтың саны 
мен кӛлемі ӛзгерген кезде рибосомалардың түзілу жылдамдығы да ӛзгереді, 
яғни белоктің синтезделуі артады. Ядрошық хромосомалардың белгілі бір 
бӛлігіне жанасып тұрады, осы бӛлік ядрошықты ұйымдастырушы деп 
аталады. Оның бақылауымен ядрошықтың нуклеинқышқылдық материалы 
синтезделеді және бұл материалдың тығыз денешікке ұйымдасуы жүреді. 
Ядрошық ӛзінің шығу тегі жағынан хромосомамен байланысты, бірақ, 
қызметі жағынан ӛзгеше. Ядрошықтың зақымдалуы бүкіл клетканың 
метаболизміне әсер етеді, атап айтқанда РНҚ-ның, яғни белоктың да синтезі 
бұзылады. 
Электрондық микроскопиялық зерттеулер ядрошықтың негізін белоктық 
фибриллалар мен гранулалық субстанциялардан құралатынын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет