76
Каротиноидтардың
бар
болуынан
қызғылт-сары
түске
боялатын
хромопластар белгілі бір қызметтер атқармайды.
Пропластидтер
-
ұсақ түссіз немесе ашық-жасыл түсті жетілмеген
пластидтер, оларды ӛсімдіктердің сабағы мен тамырының бӛлініп
жаткан
меристемалық жасушаларынан кӛруге болады. Олардан хлоропласттар,
лейкопласттар және хромопласттар түзіледі. Егер, пропластидтердің
пластидтерге дейін дамуына жарық жетіспесе,
оларда бір немесе бірнеше
проламеллярлы
денешіктер пайда болуы мүмкін.
Проламеллярлы
денешіктер
дегеніміз -
түтікшелі мембраналардың жартылай кристалды
жиынтығы.
Проламеллярлы денешіктері бар пластидтерді
этиобластар
деп атайды.
Жарық жеткілікті болған жағдайда этиобластар хлоропластарға айналады.
Бұл жағдайда проламеллярлы денешіктердің мембраналары тилакоидтарды
түзеді. Этиобластар қараңғы жерде тұрған ӛсімдіктердің
жапырақтарында
пайда болады. Тұқым ұрығының пропластидтері алдымен этиобластарға
айналады, кейінен жарықта олардан хлоропластар дамиды. Пластидтер бір
типінен екіншісіне жеңіл ауысады.
Филогенез барысында пластидтердің алғашқы шығу тегі болып
табылатын
хлоропласт, хлоропластардан ӛсімдік мүшелерінің қызметтеріне
сәйкес лейко- және хромопластар пайда болған. Онтогенезде пластидтердің
бір-біріне айналуы басқа жолмен жүреді. Күзде жапырақтар түсінің ӛзгеруі
немесе жемістер піскен кездерінде хлоропластардың хромопластарға
айналуы жиі кездеседі. Табиғатта аталған процесс қайтымсыз. Лейкопластар
хлоропластарға (мысалы, топырақтың бетіне шығып қалган картоптың жасыл
реңге ие болуы) немесе хромопластарға айналулары мүмкін.
Пластидтердің
ӛзара алмасулары олардың ішкі құрылымдарының қайта құрылулары арқылы
іс жүзіне асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: