75
ламеллалар
немесе
тилакоидтар
деп аталатын қос мембраналы тақталы
құрылымдар түзіледі. Әрбір тилакоид хлоропластың
қабықшасы секілді екі
мембранадан тұрады. Ламеллалар бір-біріне паралель жанаса келіп, топтасып
аса ұсақ денелер -
граналар
түзеді. Граналардағы ламеллалар ұштары бір-
бірімен жалғасып, тұйықталуынан диск пайда болады. Стромадағы граналар,
грана аралық тилакоидтар арқылы байланысады. Хлоропластың пигменттері
стромада
шашырамай
ламеллаларда
жинақталған.
Хлоропластар
стромасындағы тилакоидтар жүйесінен басқа рибосомалар, крахмал дәндері,
ДНҚ жіпшелері және пластоглобулдар бар.
Крахмал дәндері фотосинтез
ӛнімдерін уақытша жинайтын орын. Ӛсімдіктер 24 сағат қараңғы жерде тұрса
крахмал дәндері жойылып кетеді де, жарыққа шығарғаннан кейін 3-4
сағат
ішінде қайта пайда болады.
Хлоропластар қарапайым бӛліну жолымен кӛбейеді, жартылай автономды
органоидтар. Кейбір белгілері бактерияларға ұқсас. Мысалы, бактерияның
рибосомалары сияқты, хлоропластың рибосомалары эукариоттардікінен 3 есе
кіші болады. Бактериялар мен хлоропластарда белок синтезі хлорамфетикол
антибиотигімен тежеледі, ал эукариот жасушаларында оның әсері кӛрініс
бермейді. Бактериялар мен хлоропластарда ДНК жіпшелері бар бӛлімшелер
болады. Пластидтер мен бактериялардың ДНҚ-ы бірдей, яғни, мембранамен
қоршалмаған, гистондармен байланыспаған, пішіні сақина тәрізді.
Хлоропластардың басты қызметі - фотосинтез. Сонымен қатар олар амин
қышқылдары мен май қышқылдарының синтезіне қатысады.
Крахмалдың
қорын уақытша жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: