Негіздері



Pdf көрінісі
бет77/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

1.8 КЛЕТКАНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
Тірі ағзаның басты қасиеттерінің бірі қоршаған ортамен тығыз 
байланыста болу. Олардың арасында зат алмасу немесе метаболизм процесі 
жүріп отырады. Метаболизм процесінің маңыздылығы ағзаны қоректік 
заттар және энергиямен қамтамасыз ету болып табылады. Метаболизм екі 
процесс арқылы жүзеге асырылады: 
1. Анаболизм – синтез немесе ассимиляция; 
2. Катаболизм - ыдырау немесе диссимиляция. 

Анаболизм – энергия жұмсау арқылы жәй заттардан, күрделі заттардың 
түзілу реакцияларының жиынтығы. Мысалы, мономерлерден полимерлер 
түзілуі – амин қышқылдарынан белоктардың түзілуі. Анаболизм кезінде 
катаболизм реакциясы нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар 
(мономерлер) және АТФ пен НАДФ*Н энергиясы жұмсалып, әртүрлі 
макромолекулалар синтезделеді. 
Катаболизм – күрделі заттардың ферменттер кӛмегімен қарапайым 
заттарға ыдырау реакцияларының жиынтығы. Катаболизмдік реакциялар 
кезінде энергия босап шығады. Мысалы, белоктар - амин қышқылдарына, 
майлар - май қышқылы мен глицеринге, кӛмірсулар - моносахаридтерге 
дейін ыдырайды. Ыдырау кезінде бӛлініп шыққан энергияның бір бӛлігі 
АТФ ретінде сақталады, екінші бӛлігі энергияға бай сутегі атомын қосып 
алған «кофермент» НАДФ*Н түрінде сақталады. 


Барлық анаболизмдік реакциялардың жиынтығы «
Пластикалық 
алмасу
» деп аталса, барлық катаболизмдік реакциялардың жиынтығы 
«
Энергетикалық алмасу
» деп аталады.
 
 
Пластикалық алмасу – кезінде жасушаға сырттан түскен заттардан, 
жасушаға тән заттар түзіледі. Пластикалық алмасу әсіресе ағзаның ӛсуі 
кезінде қарқынды жүреді. Бұл алмасудың тіршілік үшін ең маңыздылары 
фотосинтез
және 
белок биосинтезі
болып табылады. 
Энергетикалық алмасу – кезінде жасушаға түскен органикалық күрделі 
заттар ферменттер әсерінен ыдырап, энергияға бай күрделі қосылыстар 
түзіледі. Жасушаның пайдаланатын энергия кӛзі негізінде макроэргиялық 
фосфаттық қосылыстар. Макроэргиялық дегеніміз гидролиз кезінде 
энергияның мол мӛлшерін бӛліп шығаратын фосфор қышқылының 
эфирлері. Макроэргиялық фосфаттарға аденозинтрифосфат (АТФ), уридин, 
цитидин мен гуанозиннің (УТФ, ЦТФ, ГТФ) фосфаттары және басқалары 
жатады. Макроэргиялық косылыстардың ішіңде маңыздысы АТФ. 
Клеткадағы синтез процестеріне жұмсалатын энергияның бәрін АТФ 
қамтамасыз етеді. АТФ синтезі АДФ пен бейорганикалық фосфаттың 


92 
ферменттік жолмен қосылуынан пайда болады. Жасушадағы энергияның 
алмасуын тотықтыру және кӛмірсулар, майлар мен белоктар гидролизінің 
ӛнімдері 
қамтамасыз 
етеді. 
Жасушалардың 
кӛпшілігі 
алдымен 
кӛмірсуларды пайдаланады. Сүтқоректілер миының жасушалары тыныс алу 
үшін глюкозадан баска қосылысты пайдалануға қабілетсіз. 
Глюкозаның тотығуы үш фазаға бӛлінеді: гликолиз (Эмбден-Мейергоф 
жолы), тотығып декарбоксилдену (трикарбон кышқылының циклы) және 
тотығып фосфорлану (сутегімен электрондарды тасымалдайтын тыныс 
тізбегі). Трикарбон қышқылы циклын «Лимон қышқылының циклы», 
немесе бұл циклды ашқан зерттеушінің атымен «Кребс циклы» деп те 
атайды. 
Гликолиз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет