кариотип
деп белгілейді. Оны
идиограмма
түрінде кӛрсетуге болады, онда жұп хромосомаларды
мӛлшерінің кішіреюіне қарай орналастырады (45-сурет).
1.7.2
Кариотип туралы тҥсінік
Адам кариотипiнде 46 хромосома бар, олар мӛлшері арқылы
ажыратылады. Бұл – аталық және аналық жыныс жасушалары
хромосомалардың гаплоидтық жиынтығы (п) қосылғанда пайда болатын
хромосомалардың диплоидты жиынтығы (2п). Ер адамның кариотипі:
46,ХУ, әйел адамдікі – 46,ХХ, бұл жалпы хромосомалардың санын (46)
және ер адамда (ХУ) және әйел адамда (ХХ) түрінде болатын жыныс
хромосомаларының санын кӛрсетеді. Бір жұпқа жататын, ұқсас
хромосомаларды
гомологтық хромосомалар
деп атайды. Әр жұпқа
жататын хромосомалардың бір-бірінен айырмашылығы бар, оларды
гетерологиялық
деп атайды (42- сурет).
1960 жылы қабылданған Денвер классификация бойынша
хромосомаларды мӛлшеріне қарай ең ірісін № 1 ең соңғы кіші жұбын № 22
деп нӛмірлеген, бұл аутосомалық хромосомалар. № 23 жыныс
хромосомалары. Осы хромосомаларды мӛлшеріне, центромераларының
орналасуына, екінші буынына байланысты 7 топқа бӛлген (7-кесте). Бірақ
Денвер классификациясы бойынша хромосомалардың жұбын табу ӛте қиын,
87
44 - сурет. Дрозофиланың сілекей безіндегі политенді хромосомалар (А).
Салыстыру ҥшін дрозофиланың сома жасушаларының хромосмалары
келтірілген (Б)
45 - сурет. Адам кариотипі. Сол жақта - әйелдің, оң жақта – ер адамның, ҥстінгі
жақта – хромосомалар комплексі, тӛменгі жақта – идиограммалар. Астын сызып
кӛрсетілген - жыныс хромосомалары: әйелде – ХХ, ер адамда – ХУ
А
Б
|