86
Гетрохроматиндерді
конститутивтік
(құрылымдық)
және
факультативтік
деп
ажыратады.
Конститутивтік
гетерохроматин хромосомалардың центромералары
маңында
және
телоцентромерлік
бӛліктерде
орналасады.
Олар
транскрипция жүрмейтін ДНҚ-дан түзілген. Оны мейоз кезінде гомологтық
хромосомаларды ӛзара тануда қолданады және ол кӛршілес құрылымдық
гендерді бір бірінен бӛліп тұрады.
Факультативтiк
гетерохроматинге
гомогаметалы ағзалардың қалыпты жасушаларындағы екі жыныс
Х–хромосоманың (әйел жасушасында) бiреуiнен түзілетін жыныс
хроматинінің денешігі мысал бола алады.
Политения
- деп хромосомалардың жiңiшке құрылымындағы
хромонемалардың екi еселенiп, сандарының 1000-2000 дейiн кӛбеюiн
айтады, бiрақ хромосомалар санының артуы жүрмейді.
Хромосомалар – алып хромосомаларға айналады. Политения кейбір арнайы
жасушаларда байқалады, мысалы қосқанаттылардың сілекей безінде (44-
сурет). Эволюция барысында әр түрде қалыптасқан тұрақты және ӛзіндік
ерекше хромосомалар жиынтығы бар. Хромосомалардың сапалық және
сандық белгілерінің жиынтығын
Достарыңызбен бөлісу: