Негіздері



Pdf көрінісі
бет85/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

а-актин
мен 
десмин 
болады. 
Жіңішке жіптерді актиннен басқа тропомиозин мен тропонин белоктары 
құрайды. Тропомиозин барлық жиырылғыш құрылымдарда болатын белок, 
молекулалық массасы 53000. Бұл белок негізінде омыртқасыздардың 
бұлшық еттерінде кездеседі. Тропониннің молекулалық массасы 86000, 
кальций иондарын ӛте мықты байланыстырады. 
Миофибриллаларды 
салыстырмалы субмикроскопиялық зерттеу, 
барлық 
жануарлардың 
сүтқоректілердің, 
құстардың, 
бауырымен 
жорғалаушылардың, қосмекенділердің, насекомдардың, шаянтәрізділердің 
миофибриллалар құрылымының ұқсас екенін кӛрсетті. 
Хансен мен Хакслидің теориясы бойынша жиырылу миофибриллалар 
деңгейінде актин филаменттерінің, миозин филаменттерінің үстінен 
жылжуы нәтижесінде жүреді. АТФ ыдырауының химиялық энергиясы 
қозғалыстың механикалық энергиясына ауысуы осы деңгейде қамтамасыз 
етілетін болса керек. 
АТФ-тің белгілі деңгейін қамтамасыз ететін бұлшық ет ұлпасында 
бірнеше жүйе бар. Олардың бастылары гликолиз және тотықтырып 
фосфорландыру. 
Бұлшық еттің жиырылу энергетикасын зерттеу, бұлшық еттің пайдалы 
әрекет коэффициентінің 20-25%-дан аспайтынын кӛрсетті. Энергияның 
қалған бӛлігі жылу күйінде бӛлінеді. 
Бақылау сҧрақтары: 
1. Метаболизм процесінің маңыздылығы.
2. Пластикалық алмасу туралы түсінік. 
3. Энергетикалық алмасу туралы түсінік. 
4. Жасушаның ӛткізгіштігіне және оның түрлеріне сипаттама. 
5. Жасушаның сыртқы орта факторларына реакциясы. 
6. Жасушаның қозғалыс түрлері. 
7. Кірпікшелер және талшықтар арқылы қозғалу. 
8. Бұлшық еттік қозғалыс. 
9. Амеба тәрізді қозғалыс. 


101 
1.8.4 Клеткалардың пролиферациясы (кӛбеюі)
Клеткалар 
пролиферациясының 
онтогенез 
және 
гомеостаз 
процестеріндегі маңызы ӛте зор. Ұрықтың ӛсуі, дамуы, ұлпалардың 
дифференциялануы, ұрықтық жасушалардың кӛбеюіне байланысты. Ағзаның
бүкіл ӛмір бойы әртүрлі ұлпаларында жүретін жасушаның репарациясы 
және физиологиялық регенерациясының негізінде пролеферация жатыр. 
Жасушалар бӛлінуі бақылаудың бұзылуы түрлі патологиялық процестерге
мысалы, ісіктің ӛсуіне себеп болады. Пролиферация ерекшеліктері мен 
митоздық белсенділіктің реттелуі гендік, жасушалық және ұлпалық 
деңгейлерде зерттеу жасушалық циклдың бақылау механизмін, қартаюдың, 
физиологиялық регенерацияның, клондаудың және ісік ауруларының пайда 
болу механизмдерін түсінуге, оларды реттеу және емдеу үшін тиімді әдістер 
табуға мүмкіндік береді. Жасушалық циклдің реттелу заңдылықтарын білу
бұл нәтижелерді қатерлі ісіктерді анықтауда және жараның жазылуын 
тездететін препараттар және қатерлі ісіктерді емдеудің әдістерін табуға 
мүмкіндік береді. 
Клетканың кӛбеюі немесе пролиферациясы жасуша тіршілігінің
маңызды қасиеті. Кез келген жасуша басқа жасушаның бӛлінуінен пайда 
болады. Жасушалардың бӛлінуі мүшелердің ӛсуін, ағзалардың кӛбеюін 
және зақымдалған ұлпалардың регенерациясын қамтамасыз етеді. 
Прокариоттардың жасушалары ДНҚ репликациясынан кейін теңдей екіге
бӛлінеді. Эукариоттарда ядро күрделі құрылымды және оларға
генетикалық ақпараттың жас жасушалар арасында теңдей бӛлінуін
қамтамасыз ететін ерекше бӛліну механизмі тән.
Эукариоттық жасушалардың бӛлінуі екі сатыдан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет