109
активтенеді.
2.
ЦТК-ның суббірлігі немесе циклин-ЦТК
комплексі ингибиторлық
ақуыздармен байланысқанда, қызметі бәсеңдейді.
Ондай ақуыздардың екі түрі бар:
а) INK 4 (p15, p16) ақуыздар ЦТК 4,6 байланысып, жасушалық
циклды
бастайтын циклин D-ЦТК комплексінің түзілуіне жол бермейді.
б) KIPI (p21, p27, p57) ақуыздары қалыптасқан комплекстермен
байланысып, оларға ингибиторлық қасиет кӛрсетеді.
3. ЦТК-ның фосфорлануы және фосфорланбауы. ЦТК
бір локустарының
фосфорлануы активтендіреді, басқа локустарының фосфорлануы керісінше
активсіздендіреді. Егер, ЦТК-2 циклин Ц-А-мен байланысып, треонин
бойынша фосфорланса активтілігі 100 есе артады. Ал, ЦТК-2 тирозин
бойынша фосфорланса керісінше активтілігі тӛмендейді.
ЦТК-ның ингибиторлары мен активаторларының ыдырауы
мен синтезінің реттелуі
Жасушадағы ЦТК-ның активаторлары мен ингибиторларының мӛлшері
бақылауда болады. Бақылау сол заттардың
синтезімен ғана реттелмей,
олардың ыдырау процесімен де реттеледі.
Мысалы, циклиндерді (активатор) қарастырайық:
1. Синтезделуі: Кӛптеген митогендік факторлар жасушаның бӛлінуіне
түрткі болатын реттеуші тізбектерді түзіп, циклин D генін активтендіреді.
ЖЦ келесі сатыларында басқа циклиндер де осындай жолмен активтенеді.
2. Ыдырауы: Циклиндердің ыдырауы убиквитинге тәуелді (УКТ)
механизммен іске асырылады, бұл тіршілігі қысқа ақуыздарға қолданылады.
Циклин В бұл механизм жақсы зерттелген, ол циклин В-ЦТК-2 мен циклин
В-ЦТК-1 немесе МСФ түзуге қатысады.
МСФ белгілі бір ақуыздардың
фосфорлануын жүргізіп, жасушаның митозға енуіне түрткі болады. Бірақ,
митоздың аяқталуы үшін МСФ мӛлшері
азаюы қажет, ол циклин В
ыдырауымен іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: