Негіздері


Циклин В ыдырау механизмі



Pdf көрінісі
бет94/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Циклин В ыдырау механизмі
. МСФ комплексінің максимальді 
активтілігі митоздың метафазасында байқалады. Сол кезде ол басқа 
ақуыздармен қатар анафазаның стимул факторын (АСФ) фосфорландырады. 
АСФ – убиквитинлигаза және ол біртіндеп циклин В убиквитинді қосып 
отырады. Соның нәтижесінде циклин В ыдырап кетеді де МСФ түзілмейді, 
оның жасушадағы мӛлшері азайып, анафаза және одан соң телофаза сәтті 
аяқталады. Жасушаның G
1
-кезеңінде АСФ инактивацияланып, циклин В 
ыдырамай жинала бастайды.


110 
Енді циклин-ЦТК-ны бәсеңдететін ингибиторлардың синтезін 
қарастырайық. Кейбір жасуша ішілік реттеуші тізбектерде арнайы ақуыздар 
(Smad) жазылған, осы ақуыздар транскрипциялық факторлар түзіп, р15, р 21 
және т.б. ингибиторлардың синтезіне түрткі болады. Соның нәтижесінде G

кезеңіндегі комплекстер тежеліп, жасушаның бӛлінуі тоқтайды. 
1.8.8 Клеткалық циклды бақылайтын реттеуші нҥктелер
туралы тҥсініктер 
Жасушалық циклдың барысында, берілген бағдарлама бойынша 
жасушадағы процестер бірден жүре бермейді. Сонымен қатар, жасуша ӛз 
жағдайын белгілі бір сатыларда бақылап отырады. ЖЦ әр кезеңіне тән 
тексеру нүктелері бар – G
1
, S, G
2
және М (8-кесте).
8 - кесте 
Тексеру нҥктелерінің сипаттамасы 
Нҥктелер 
КЦ нҥктелерде тоқтап қалу себептері 
G
1
- кезеңі
1. ДНҚ молекуласындағы екі жіпшенің үзілуі. 
2. Хромосомалардың алдыңғы бӛліну кезінде дұрыс
ажырамауы. 
3. Микротүтікшелер жүйесінің бұзылуы. 
S - кезеңі 
Жасушада нуклеотидтердің жетіспеуі. 
G

- кезеңі 
1. Хромосомадағы кей бӛліктерде репликация
аяқталмаған. 
2. ДНҚ-ғы аумақты зақымдар (жаңадан пайда болған
немесе бұрынғылары). 
Митоздың 
метафазасы 
Бӛліну ұршығының дұрыс жиналмауы. Мысалы,
бӛліну ұршығының микротүтігіне қандайда болмасын 
бір хроматидтегі кинетохордың байланыспауы. Бұл 
кинетохормен байланысқа түсетін белоктардың дұрыс 
қызмет атқармауынан болады (BUB немесе MAD 
топтарына жататын белоктар). 
Ең басты, осы нүктелерде тұқым қуалайтын материалдардың жағдайы 
тексеріледі және соның нәтижесіне тәуелді, процестің әрі қарай жүруі 3 
вариантқа байланысты шешіледі:
1. КЦ-дың келесі сатысына тоқтаусыз ӛту; 


111 
2. КЦ жүріп жатқан сатысында азды-кӛпті тежелу – байқалған зақымдарды
түзеу үшін; 
3. Апоптоз механизмін жіберу, егер байқалған зақымдарды түзеу мүмкін
болмаса. 
Бұл бақылау түрлері, ұрпақтарға қамқорлық кӛрсету мақсатында, ағзадағы 
жасушалар геномының дұрыс болуын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет