Негіздері


анаэробты  және  аэробты



Pdf көрінісі
бет78/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

анаэробты 
және 
аэробты
тынысқа ортақ фаза, ал қалған екі 
фаза аэробты жағдайда ғана жүреді. 
Гликолиздің негізгі міндеті лимон қышқылының циклы үшін 
пируватты (пирожүзім қышкылын) түзу. Гликолиз, глюкозаның бір 
молекуласын пирожүзім қышқылының екі молекуласына ыдырататын, 
кезектесіп жүретін реакциялардан тұрады. Бұл реакциялар цитоплазмада 
жүреді және оттегін қажет етпейді. 
Аэробты клеткалар энергияның негізгі бӛлігін тыныс алу арқылы 
алады. Тыныс алу гликолизге қарағанда анағұрлым күрделі процесс. 
Энергия Кребс циклы кезінде электрондарды тасымалдау тізбегі деп 
аталатын тасымалдаушы молекулалар қатары арқылы беріледі. Кребс циклы 
ферменттік кезектесіп жүретін кӛптеген реакциялардан тұрады. Әрбір жеке 
реакция ерекше ферментпен катализденеді. ІІирожүзім, май және кейбір 
амин қышқылдарының тотығуына, сол сияқты электрондарды тасымалдауға 
және АДФ-ты фосфорлауға қатысатын ферментер митохондрияларда 
орналасқан. Кребс циклының нәтижесінде жиналған энергия, клетка 
ішіндегі түрлі процестерге жұмсалады. Тотығу мен фосфорлану бір мезгілде 
жүретін болғандықтан 
тотығып — фосфорлау
реакциясы деп аталады. 
1.8.1 Клетканың ӛткізгіштігі
Тірі 
клетканың қызметі мен клетка ішіндегі физиологиялық 
гомеостазды сақтауда ӛткізгіштіктің маңызы зор. Клеткаға қандай 
заттардың ӛтуге тиісті екенін оның ӛткізгіштігі анықтайды. Олардың 
кӛпшілігі жасушаның тіршілік процестеріне және жасушаның кұрылымдық 
бӛліктерін синтездеуге қажет заттар. Сонымен қатар, оның тіршілік 
әрекетінің нәтижесінде пайда болған ыдырау ӛнімдері мен судың сыртқа 
шығарылуын реттейді. 


93 
Иондардың сіңу қабілеті тӛмен; жасуша әдетте аниондарды катиондардан 
ажыратады, катиондар жеңіл сіңеді. Бірақ, эритроциттерге бұл ереже сәйкес 
келмейді және аниондарды катиондарға карағанда миллион есе тез сіңіреді. 
Жануарлар жасушасына түрлі амин кышқылдары, аскорбин қышқылы, 
пирожүзім қышқылы мен зәр қышқылы жеңіл сіңеді. Бірақ, әртүрлі 
жасушалардың түрлі амин қышкылдары мен аскорбин қышқылын сіңіру 
жылдамдығы әркелкі болады. Жасушаның амин қышқылындағы азоттың, 
полипетидтердің, аскорбин қышқылы мен пирожүзім қышқылының 
концентрациясы қанның плазмасына қарағанда кӛп болып келеді. 
Жасушадағы амин қышқылының мӛлшері қоршаған ортадағы оның 
концентрациясына тәуелді. Жасушаға бір, -екі, -үш, -тӛрт, -бес атомды 
спирттер баяу сіңеді, ал алты атомды спирттер сіңбейді. Бір ағзаның әртүрлі 
жасушаларына бір түрге жататын заттың сіңу жылдамдығы әркелкі. Бірақ,
соған қарамастан заттардың кӛпшілігі жасушаға сіңетіні анықталған. 
Заттардың жасушаға сіңуіне әсер ететін факторлардың бірі — 
температура. 
Температура 
кӛтерілген 
кезде 
қоршаған 
ортадан 
жасушалардың заттарды сіңіру жылдамдығы артады, ал температура 
тӛмендеген кезде, керісінше, заттардың сіңу жылдамдығы кемиді. 
Заттардың жасушаға сіңуі мен олардың жасушадан шығуының тӛрт негізгі 
механизмі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет