Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет18/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
сілекей бездерінің
өзектері ауыз
қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі –
жұп шықшыт безі
. Ол
құлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады,
салмағы 20–30 г. Астыңғы жақасты сілекей бездерінің салмағы 14–15 г.
Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі –
тіласты бездері
. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады.
Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен
1,5–2 литрге дейін сілекей бөлінеді (82-сурет).
Сілекей
– тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99–99,5% су,
0,5–1% органикалық және бейорганикалық заттар болады.
Бейорганикалық заттардың мөлшері органикалық заттарға қарағанда
2–3 есе аз. Сілекейдің реакциясы әлсіз сілтілі. Сілекейдің құрамында
көмірсуларды ыдырататын фермент – амилаза болады. Сілекейдің
құрамында бактерияларды жоятын 
лизоцим 
болады.
Сілекейдің бөлінуі рефлекторлық жолмен реттеледі. Сілекей бөліну
орталығы сопақша мида орналасқан. Тамақ ауызға түскенде ондағы
жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей
бөлінеді. Бұл сілекей бөлінудің
шартсыз рефлексіне
жатады. Ал
сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге
байланысты бөлінуі – 
шартты рефлекске
жатады.
Шықшыт сілекей бездері қабынған кезде ісініп, жақпен тұтасып
айқын байқалады. Ондай ауру 
паротит 
(свинка) деп аталады.
Қарын және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқы безінің құрылысы және
қызметі
 
Қарын сөлі
– қарынның ішкі кілегейлі қабығындағы ұсақ
бездерден бөлінеді. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей қарын
сөлі бөлінеді. Бөлінетін қарын сөлінің мөлшері тағамның құрамына,
қою-сұйықтығына байланысты. Асқазанның кілегейлі қабығындағы
безді жасушалар құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты 3
топқа бөлінеді. Бездердің бір тобынан – ферменттер, екіншісінен – тұз
қышқылы, үшіншісінен – кілегейлі зат – муцин бөлінеді.
Қарын сөлі түссіз, әрі қышқылды ортада белсенді әсер етеді. Қарын
сөлінің құрамы: 97–98% су, 1% органикалық заттар (ферменттер), 0,5%
минералдық тұздар, 0,7% тұз қышқылы.
Асқазанның бұлшықеттерінің үнемі жиырылып босаңсуының
арқасында тағам қарын сөлімен әбден араласады. Қарын сөлімен
араласқан тағамды 
жентек
(химус) деп атайды.


Тамақ ауыз қуысына түскен кезде-ақ қарын сөлі шартсыз рефлекс
арқылы көп бөліне бастайды. Мұны И.П. Павлов тәбет сөлі деп атаған.
Қарын сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі.
Қарын сөлінің құрамын, реттелуін И.П. Павлов өңешті кесіп және
қарынға фистула қою және «бөлініп алынған қарынша» әдістері
арқылы зерттеді. Қарын сөлінің құрамындағы фермент – пепсиннің
әсерінен нәруыздар ыдырайды. Қарын сөлінің құрамындағы тұз
қышқылы ферменттердің белсенділігін арттырады және микробтарды,
бактерияларды залалсыздандырады. 
Асқазанда тамақтың қорытылуына ішімдік пен темекі тарту зиянды
әсер етеді. Ішімдік асқазанның кілегейлі қабығындағы бездердің
қалыпты қызметін бұзады. Ішімдікті үзбей пайдаланатын адамдарда
асқазанның созылмалы қабынуы (хронический гастрит) байқалады.
Темекі құрамындағы никотин уы сілекей арқылы асқазанға түсіп
кілегейлі қабығының қабынуын туғызады. Кейде никотин әсерінен
асқазандағы ұсақ қантамырлар зақымданып, ойық жаралар (язва
желудка) пайда болады. Темекіні көп тартатын адамдардың 90%-ға
жуығы асқазанның ойық жара ауруына шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет