Бағдарламасы (Syllabus)


Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері



Pdf көрінісі
бет17/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері.
 
Сілекей бездері
Асқорыту бездері.
 
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр
және ұйқы безі жатады.
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты 
сөл
(секрет) деп атайды.
Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен
бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.
Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы,
бауырдан бөлінетін сөл – 
өт
, сілекей бездерінен бөлінетін сөл – 
сілекей
және т. б. (қосымша 211-бет).
Асқорыту бездерінің қызметін
фистула әдісі
арқылы зерттеуде
көрнекті орыс ғалымы И.П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл
саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде
Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі
кілегейлі қабығындағы өзгерістерді зерттеуде
эндоскопия
әдісі
қолданылады. Онда жарықты арнайы оптикалық құралдар арқылы


асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп
алуға болады.
Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі
органикалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше
заттар болады. Оларды 
ферменттер
деп атайды.
 
Асқорыту ферменттері
. Ферменттер химиялық құрамы жөнінен
нәруызтектес органикалық заттарға жатады. Ферменттер тірі
жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін
реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді
кейде биологиялық
өршіткі – катализаторлар
деп те атайды.
Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.
Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір
фермент белгілі бір органикалық затты ғана ыдырата алады. Екіншіден,
әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді.
Мысалы, қарын сөлінің құрамындағы ферменті қышқылды, ұйқы безінің
сөліндегі ферменті – сілтілі ортада әсер етеді.
Көптеген ұсақ және ірі үш жұп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет