Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет13/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Асқазан (қарын)
– құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында
көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі (76-
сурет). Асқазан іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Асқазан жоғарғы
жағынан өңешпен төменгі жағынан аш ішектің басталар жері
ұлтабармен жалғасады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан
қатпарлы кілегейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді.
Асқазанның қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары
үш түрлі бағытта орналасқан. Ішкі қабаты – қиғаш, ортаңғысы – сақина
тәрізді, ал сыртқысы – ұзыннан орналасқан. Асқазанның қатпарлы
кілегейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл
бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен
(он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер
болады.
Аш ішек
 
– асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді
бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5–6 метрдей.
Аш ішектің асқазаннан басталған 25–30 сантиметрдей бөлімі – 
ұлтабар
(он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының
өзегі және ұйқы безінің де өзегі ашылады (77-сурет).
Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген
сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің кілегейлі
қабықшасында тұйық өскін түріндегі
бүрлер
өте көп. Мұндай бүрлер
тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады.
Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары


сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек
қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді
жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің
ішімен алға қарай жылжып отырады.
Тоқ ішектің
ұзындығы 1,5–2 метрдей (78-сурет), аш ішектен екі
еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – 
соқыр ішек
деп
аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Соқыр ішектің
төменгі шетінде ұзындығы 7–8 см-дей құрт пішінді тұйық өскін болады.
Оны 
аппендикс
(латынша «appendіx» – қосалқы) деп атайды. Ол лимфа
жүйесіне жататын мүше. 
Оның қабынуынан болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп
аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – 
тік ішек
. Тоқ ішектің сыртында май
қабаты қалың болады, оның кілегейлі қабықшасында жарты ай пішінді
ірі әрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан
денеге сіңіріледі де, нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп
бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы.
Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір
витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың
дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай
пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етуі мүмкін.
Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек дәрігердің кеңесі
бойынша пайдалану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет