сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек
қабырғасындағы
бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді
жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің
ішімен алға қарай жылжып отырады.
Тоқ ішектің
ұзындығы 1,5–2 метрдей (78-сурет), аш
ішектен екі
еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері –
соқыр ішек
деп
аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Соқыр ішектің
төменгі шетінде ұзындығы 7–8 см-дей құрт пішінді тұйық өскін болады.
Оны
аппендикс
(латынша «appendіx» – қосалқы) деп атайды. Ол лимфа
жүйесіне жататын мүше.
Оның қабынуынан болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп
аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі –
тік ішек
. Тоқ ішектің сыртында май
қабаты қалың болады, оның кілегейлі қабықшасында жарты ай пішінді
ірі әрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі.
Тоқ ішекте су қайтадан
денеге сіңіріледі де, нәжіс қалыптасады.
Тоқ ішекте өте көп
бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы.
Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір
витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап,
тамақтың
дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай
пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етуі мүмкін.
Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек дәрігердің кеңесі
бойынша пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: