Бағдарламасы (Syllabus)


Тістің құрылысы және гигиенасы



Pdf көрінісі
бет14/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Тістің құрылысы және гигиенасы
 
Тістің құрылысы.
Әрбір жеке
тістің 
сауыты, мойны
және 
түбірі
болады. Тіс сауытының сырты жылтыр
кіреукемен (эмаль) қапталған (79-сурет). Кіреуке адам денесіндегі ең
қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай
салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы
бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%
кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның
құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар
кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіс
сауытының үстіңгі бұдырларында кіреуке едәуір қалың. Балалар
тістерінің кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан
ол жұқа болады. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі –
тіс сауыты
деп аталады. Тістің келесі бөлімі –
мойны
. Тіс мойны арқылы тіс
ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. 
Тістің үшінші бөлімі – 
түбірі
. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы
ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден
болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (үлкен
азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік
арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі
қуысы борпылдақ дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері
дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген
(79-сурет).
Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз
етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің
сезімталдығына байланысты.
Тістің көп бөлігін
дентин
 
(латынша «dens» – тіс) заты құрайды.
Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70%
фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының
қосылыстарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин


затының бұзылуынан болатын ауру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет