Әдебиет: [1,2,4,5]
2. Тақырып Тірек-қимыл аппараты .
1 Сүйектің құрылысы, өсуі және дамуы. Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің
жіктемесі. Қаңқаның қызметтері.
2. Дене қаңқасының құрылымдары. Омыртқа жотасы, бөлімдері, иілімдері. Әр
бөлімдегі омыртқалардың ерешеліктері.
3. Бас қаңқасының бөлімдері, құраушы сүйектер. Бас сүйектердің байланысуы. Бас
қаңқасының жыныстық ерекшеліктері.
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы: тірек-қимыл жүйесіне
(аппаратына) қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір-бірімен дәнекер
ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектер қаңқа
түзеді. Қаңқа (скелет) ағзаның тірегі, ал оның бұлшықеттері қимыл-
қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл жүйесі адамның тік жүру
қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері).
Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге қорғаныш қызметін
атқарады. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан ми сауытын
құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы
сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді – жамбас белдеулері
сүйектері қорғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған
орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі – қимыл (қозғалу). Денені
қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген
қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш
(тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің
құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан
минералды алмасуға қатысады.
Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі.
Сүйектің сырты – тығыз ұлпа, ішкі бөлімі – борпылдақ ұлпадан
құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен
сүйек қабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп
сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер
жуандап өседі . Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек
қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен
жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі.
Сүйектің екі шетіндегі
шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен
сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20–25 жасқа дейін
жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің
үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар
құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық
заттар мықтылық қасиет береді.