Бағдарламасы (Syllabus)


мүсіндік (пластикалық) анатомия



Pdf көрінісі
бет5/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
мүсіндік (пластикалық) анатомия
— адам мен жануарлар организмдерінің
сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы


пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған
италиян ғалымы Леонардо да Винчи;

топографиялық анатомия
— адам мен жануарлар организмдерінің белгілі
аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары
мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;

салыстырмалы анатомия
— әртүрлі типтер мен кластарға жататын
жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын
салыстырып зерттейді;

түр анатомиясы
— жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене
құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;

түқым анатомиясы
— мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы
салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;

жас анатомиясы
— жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері
құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;

қалыпты анатомия
— ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз
қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;

сырқаттық (патологиялық) анатомия
— ауырған организм дене мүшелерінің
құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;

микроскопиялық анатомия
— жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен
ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология
— сүйектер жүйесі туралы ілім;
синдесмология
— сүйектер байланыстары туралы ілім;
миология
- бұлшықеттер туралы ілім;
дермотология
тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет