тканьдік арақатынастар туралы мағлұматтармен толықтыруға болады. Бұл әдіс
гистотопография деп аталады.
Гистологиялық кесінділер мен гистотопрограммалар бойынша зерттелетін
түзілістің суретін немесе көлемін алуға болады. Бұл амал графикалық немесе пластикалық
реконструкция болып табылады. Бәрқатар анатомиялық міндеттерді шешу үшін
гистологиялық және гистохимиялық әдістер қолданылады. Жұқалығы соншалық,
жарықтық микроскоптан көрінбейтін құрылымдарды көруге мүмкіндік беретін
электрондық микроскопия анатомияға кеңінен енгізілуде. Аз және көп үлкейткенде де
зерттеу объектісінің көлемдік кескінін беретіндей сканирлеуші электрондық микроскопия
әдісінің болашағы зор.
Бұл аталған әдістердің барлығы өлген адамның денесін тексергенде
қолданылады. П. Ф. Лесшафт айтуынша «анатомияны зерттегенде негізгі объект әр
уақытта тірі организм болуы тиіс, ал өлі препарат тірі организмді тексергендегі деректерге
қосымша болуы керек».
Достарыңызбен бөлісу: