Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№17 дəріс. Тақырыбы: Өзбек əдебиеті



Pdf көрінісі
бет71/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№17 дəріс. Тақырыбы: Өзбек əдебиеті 
Қарастырылатын сұрақтар:
Тарихи кезең. Өзбек əдебиетінің даму белестері. 
Фольклор. Жазба əдебиет. 


Дəріс мақсаты: 
Студенттерге өзбек əдебиеті салаларының жалпы даму 
барысынан мəлімет беру. 
Дəріс мазмұны: 
 
Өзбек əдебиетінің ұзақ тарихы бар. Ол халық ауыз əдебиеті мен көрші халықтар 
əдебиетінің ықпалы негізінде қалыптасқан. өзбек əдебиетінде əлемдегі фольклордың 
барлық түрлері кездеседі: эпостық циклдер, лиро-эпостық жырлар, салт жырлары, 
жоқтау, сықақ т.б. Аталған жанрлардың ішінде көш орын алатыны – халық өмірін 
баяндайтын тарихи оқиғаларға құралған дастандар. Оларға «Күнтуғмиш», 
«Алпамыш», «Таһир мен Зуһра», «Арзигүл», «Ашиқ пен Ғариб» т.б. жатады. Өзбек 
əдебиетінің дамуына Ахмет Югнаки,Құтыб, Хорезми, Дүрбек секілді Орта Азия түркі 
əдебиетінің белгілі өкілдері мен парсы-тəжік əдебиетінің классигі Жəми творчествосы 
үлкен ықпал жасады. Өзбек əдебиетінің дүние жүзі əдебиетіне белгілі болып, кеңінен 
танылуына Лутфидің шəкірті Ə.Науаидің творчествосы негіз болды. Ол сол кездегі 
дəстүр бойынша өз өлеңдерін парсыша жазумен бірге өзбек (түркі) тілінде де жазған. 
Науаи «Екі тілдің таласы» атты кітабында өзбек тілінің поэтикалық байлығы мен 
мүмкіндігін теориялық жағынан дəлелдеп шықты. 16ғ-да өзбек əдебиетінің игі 
дəстүрін жалғастырушы Бабыр болды. Ол өзінің «Бабырнама» атты көлемді 
шығармасы арқылы өзбек əдебиетінде əдеби мемуарлық шығарманың негізін салды. 
17ғ.мен 19-ғ-дың 1-жартысы аралығында Тұрды, Гүлхани, Мунис, Хорезми (1778-
1829), Агаки (1809-1874) секілді ақындар мен Надира (1791-1842), Увайси (1780-1850), 
Махзуна сияқты ақын қыздар творчествосы елеулі орын алды. 19ғ-дың 2-жартысында 
өзбек халқының Россияға қосылуы, өзбек əдебиетінде демократтық-ағартушылық 
идеяның пайда болуына себепші болды. Мыс., Мұқими (1850-1903), Фурқат (1853-
1909), Дилшад (1800-1905) секілді ақындар халықты оқу-ағартуға, орыс мəдениетінен 
тəлім алыға, ауыз бірлікке үндеді. Əсіресе ағартушылық-демократтық идеяны үгіттеу 
Х.Хакімзаде 
Ниязи 
(1889-1929), 
С.Айни 
(1878-1954), 
А.Қадыри(1894-
1940)шығармаларында кең орын алды. Олар өз шығармалары арқылы халықты 
отаршылдық мен феодалдық езгіге қарсы күреске шақырып, əйел теңдігі мен бұхара 
халықтың саналы түрде топтасуын қозғауды негізгі тақырып етіп алды. 
Өбастаушылары да Айни мен Хамзаның революциялық рухта жазылған «Бай мен 
батырақ (1927) драмасы, «Кеңес жасасын, «Ей, жұмысшылар т.б. өлеңдері жаңа 
заманды, соц. өмірді насихаттады. Айнидің реалистік прозалары мен А.Қадыридің 
«Өткен күндер» (1925), «Мехрабтан шаян (1929) романдары өзбек əдебиетінде 
алғашқы жазылған романдар болды. 
20ғ-дың басында Ғ.Ғұлам (1903-66), Айбек (1905-68),Х.Əлімжанов (1909-44),А.Қаһар 
(1907-68), К.Яшен (1909ж.т.), Ұйғын (1905ж.т.), т.б. жазушылар қосылды. Бұл кезде 
өзбек əдебиетінің өкілдері қала мен ауылдағы соц.құрылыс жеңістерін суреттей 
отырып, ескіліктің кесапатын əшкереледі. Əсіресе дінге, аяққа басылған əйел теңдігі 
мəселелеріне үлкен көңіл бөлді. Байлар мен секілікті сақтауға жасаған түрлі тап 
жауларын сынайтын «Муштум» сатиралық журналы шыға бастады. Ол өзбек 
əдебиетінде памфлет, фельетон жанрларының дамуына негіз болды. 30 жылдары ақын-
жазушылардың шеберлігі артып, натуралистік баяндау тəсілінен арыла бастады. өзбек 
совет əдебиеті поэзия жанрының көне классикалық дəстүрін жалғастыра отырып, жаңа 
бағыт, жаңа түр мен мазмұнға ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет