Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№18 Дəріс. Гомер шығармашылығы. «Илиада» жəне «Одиссея»



Pdf көрінісі
бет72/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

 
№18 Дəріс. Гомер шығармашылығы. «Илиада» жəне «Одиссея». 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Аэдтер шығармашылығы. Гомер. Гомер мəселесі. 
«Илиада» жəне «Одиссея». 


Дəріс мақсаты: 
Студенттерді көне грек қаламгері Гомер шығармашылығынан 
хабардар ету. 
Дəріс мазмұны: 
Ежелгі аңыздар мен хикаялар негізінде аэдтердің кейбіреулері үлкен эпикалық 
поэмалар да туғызды.Жоғарыда айтылғандай,бұлардың ішінен ең əйгілісі одақтасқан 
көсемдердің Троя қарсы соғысы туралы шығармалар циклі еді.Бұл циклдің негізі 
біздің кезімізге дейін жеткен “Илиада” мен “Одиссея” поэмалары.Гректер соқыр 
жырау Гомерді осы поэмалардың авторы деп есептейді.Бірінші поэмада Трояға қарсы 
соғыстың оныншы жылы-Агамемнонның Ахилл көсеммен араздасуы жəне соның 
салдары баяндалған.Екіншісінде Одиссейдің гректкрге онша таныс емес Батыстың 
шалғайдағы ертегілік елдерінде басынан кешірген оқиғалар мен өзі туып-өскен Итака 
аралына аман-сау қайтып оралғаны туралы əңгімеленеді. 
Гомер поэмалары бірнеше ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап жетті. Тек біздің 
эрамыздан бұрынғы VI ғсырда ғана ол поэмалар Афиныда жазылып алынып, əдеби 
шығармаларға айналған.Оларды Грецияның барлық мектептерінде,кейіннен грек-
македон жаулаушылары шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде құрған 
эллинистік мемлекеттер мекткптерінде жəне ақыр соңында Рим империясында жұмыс 
жасаған оқу орындарында оқып үйренген.Гомер поэмасының каһармандары Ахилл, 
Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелей, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, 
Елена, Пенелопа жəне басқалары ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мəлім 
болған.Оларды кескіндеу мен мүсіндеу өнерінде де бейнелеп бақты. Поэма эпизодтары 
Помпейден табылған қабырғалық сыр суреттің (фрескалардың) ірі бейнелі 
композицияларының немесе əр түрлі қираған ескі қалалар обаларында сақталып 
қалған аумақты мозаикалық шығармалардың тақырыбы болған. 
Біздің эрамыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ертедегі грек философы 
Платонның өзі-ақ Гомер поэмаларының ежелгі грек қоғамының мəдени өмірі үшін 
ерекше маңызы болғанын атап көрсетіп, “бұл ақын (Гомер-А.Б.) элладаны тəрбиеледі” 
деп жазған болатын.Бірақ Гомер есімі жұртқа кеңінен тарағанына қарамастан, 
ақынның өмір сүрген уақыты, туған жері белгісіз болып қала берді.Осынау тамаша 
ақынның туған жері аталуы үшін де ежелгі Грецияда жеті қала таласқан.Гомер 
жөнінде өмірбаяндық деректердің жоқтығы ежелгі грек тарихы мен əдебиетін 
зерттеуші кейбір европалық ғалымдар аққынның нақты тарихи өмір сүргеніне күмəн 
келтіруіне де негіз болған. 
XVIII ғасырдың аяғында неміс филологы Вольф “Илиада” мен “Одиссеяны” жеке 
авторы жоқ, халық творчествосының туындысы деп есептеуді ұсынды.Вольф пен оның 
пікірлестері поэманы əр түрлі аэдтер бірте-бірте шығарған сан алуан жырлардың 
механикалық қосындысы деп санады.Аэдтер өз өлеңдері үшін сюжеттерді, міне, осы 
хикаялардан алып отырған. “Илиада” мен “Одиссеяны” да Гомер деген есіммен белгілі 
аэдтердің бірі шығаруы əбден мүмкін. Ақынның сауатсыздығы оның творчествосына 
бөгет бола алмаса керек. Жазу-сызусыз,ақындық творчествосының ауызша дəстүрі XX 
ғасырға дейін сақталып келді.Жамбыл мен Сулейман Стальскийдің ақындық
творчествосы осындай болатын.Стальскийдің А.М Горький “XX ғасырдың Гомері” 
деп атауы кездейсоқ емес-ті. 
Уақыт өткен сайын ауызекі түрде біреуден біреуге таралып отырған “Илиада” мен 
“Одиссеяның” бастапқы тексіне бірқатар қосымшалар енгізілген, ол, əрине, бұл 
поэмаларды зерттеуші филологтардың назарына ілінбей қалған жоқ. 
“Илиада” мен “Одиссеяны” шығарған ақынның авторлығы туралы мəселеде совет 
тарихшыларының көпшілігінің негізінен күмəні жоқ. Алайда осы аэдтің аты шынында 


да “Гомер” ме, немесе бұл тек оның екінші, лақап аты болды ма деген сұрақ əлі де 
жауапсыз қалып келеді, себебі бұл адамның өмірі мен творчествосы хақында, қандай 
да болмасын, өмірбаяндық деректер əлі күнге белгісіз. 
Ахейліктердің Трояны алып, қиратқаны туралы Рим ақыны Вергилий “Энеида” 
дейтін поэмасында тəптіштеп тұрып жазды. Овидий өзінің “Метаморфозы” 
(“Айналулар”) жəне “Каһарман арулар” атты поэмаларында көптеген мифтік 
эпизодтарды баяндап берді. Ең ақырында грек жазушысы Павсанийдің (біздің 
эрамыздың II ғасыры) “Элладаны суреттеу” деген шығармасында ежелгі грек 
мифологиясының жекелеген циклдері егжей-тегжейлі баян етіледі. 
“Илиада” мен “Одиссеяның” пайда болуын бұлайша түсіндіруге Фридрих Шиллер 
қарсы тұрды, ол екі поэманың да көркемдік бірлігін дəлелдеп, Гомердің жеке авторы 
екенін жақтап шықты. 
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында ежелгі дүниені зерттеуші 
европалық ғалымдардың көпшілігі мифтік хикаялар мен ежелгі грек эпикалық 
поэмаларының мазмұнын таза фонтастикалық туынды деп қараған.Бірақ қазіргі кезде, 
археологиялық жаңалықтардың арқасында,бұл пікір осы заманғы ғылыми 
көзқарастарға сай келмей қалды. 
XIX ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ энтузиаст-архиолог Г.Шлиман ежелгі 
Троя қаласының тұрған жерін дəл анықтады, ал 80 - жылдарда Микены мен 
Тиринфтің қираған орнында ойдағыдай археологиялық қазба жұмыстарын 
жүргізді.XX ғасырдың басында ағылшын ғалымы А.Эванс Крит аралындағы ежелгі 
Кюсс қонысынан орасан зор сарай комплексін тауып, оны егжей-тегжейлі 
зерттеді.Бұдан кейінгі ондаған жылдарда грек, итальян жəне американ археологтары 
Критте,Пелопоннесте,Орта Грецияда,Эгей архипелагы аралдарында толып жатқан 
ежелгі мекендерді тапты.Олардың кейбіреулерінің (Кносс, Пилос, Фивы) қалдық 
обаларынан өзінше бір жазу таңбалары бар қыш тақташалар табылды.1953 жылы В 
сызықтық (линейлік) жазба деп аталған бұл таңбаларды ағылшын ғалымы М. Вентрис 
ажыратып оқи алды. 
Осы археологиялық жаңалықтар нəтижелері ежелгі грек мифологиясы мен 
эпикалық пэзиясының пайда болуы туралы мəселені мүлдем жеңаша тұрғыдан 
қарастыруға мүмкіндік берді.Егер XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші 
жартысындағы ежелгі грек мəдениетін зерттеушілер ежелгі қоғам мен мəдениеттің 
дамуын тек біздің эрамыздан бұрынғы II мың жылдықтың аяқ кезінде ғана басталды 
деп есептеп келген болса,қазіргі уақытта таптық қоғам ошақтарының пайда болуы мен 
бұрынғы III мың жылдықтың аяғында басталды дейтін берік тұжырым 
жасалды.Мəселен,біздің эрамыздан бұрынғы III мың жылдықтың аяқ кезінен бастап 
Крит аралында таптық қоғам қалыптасқан.Оның негізгі саяси орталығы Кносс 
болды.Крит билеушілері өз үстемдігін көршілес аралдарда да, сірə Балкандық 
Грецияның кейбір аудандарында да орнатса керек.Крит теңізшілері алыс жорықтарға 
шығып отырған.Олар Египеттен,Солтүстік Сирсямен қарым-қатынас орнатқан.Батыста 
криттіктер Сицилия мен Сардиния аралдарына дейін жеткен. 
Біздің эрамыздан бұрынғы XV ғасырдың орта тұсында Эгей ахипелагы 
орталығында геологиялық апат болыпты.Фера аралындағы жанар таудың жан 
түршігерлік атқылауы онда орналасқан қаланы тып-типыл етіп қана қоймай, Критке 
де əсерін тигізген.Арал халқының бір бөлігі қаза тауып, бір бөлігі туған жерінен басқа 
жаққа кетіп қаған.Қаңырап бос қалған Критке бұған дейін Балкандық Грецияны өз 
мекеніне айналдырып үлгірген ахей тайпалары келіп қоныстанған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет