Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет118/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

6.17-сурет
Оқшаулағыш платформаны статикалық және динамикалық жүктемеге сынаудың сұлбалық бейнесі 
(а) оқшаулағыш платформаны көтеру қабілеттілігі үшін сынау; b) кіші оқшаулағыш платформаны көтеру 
қабілеті үшін сынау. 
6.3 Робот-манипулятор
 
Кернеу астында таратушы желілерде жұмыс істеудің дәстүрлі әдісінде операторлар өз 
міндеттерін тікелей күрделі құралдар көмегімен 6.18-суретте көрсетілгендей жүзеге асырады. Бұл 
әдіс жоғары еңбек сыйымдылығы, тиімділігі төмен, күрделі және түрлі нысандармен жұмыс істеу, 
сондай-ақ күрделі пайдалану шарттары сияқты кемшіліктермен сипатталады. Электрондық және 
компьютерлік технологияларды дамыту барысында роботтар көптеген салаларда кеңінен 
қолданылады. Кернеу астында жұмыс істеу жабдықтардың, робот сияқты жаңа буындарын 
уақытында зерттеу және дайындау өнеркәсіптің ұзақмерзімді дамуы үшін аса маңызды. 6.19-суретте 
көрсетілгендей, робот-манипулятор кернеу астында жұмыс істегенде, еңбек сыйымдылығын 
төмендетіп, қауіпсіздікті жоғарылатып, техниктерді жоғары вольтты электр өрістерінен қорғап, 
көптеген міндеттерді орындай алады. [5] [6] [7] 
6.3.1 Робот-манипуляторлар: Кіріспе
Кернеу астында жұмыстарды орындайтын роботтар, жоғары вольтты оқшаулау 
технологиялары, есептеуіш техника, механика, гидравлика, автоматика, хабаршылар және 
робототехника пәнаралық салаларын қамтиды, олар тиісті пәндерден оларды дамыту үшін 
үйлестіруді және қолдауды талап етеді. Функционалдық роботтың толық құрылымы бес бөліктен 
тұрады: хабаршылардан деректерді жинау жүйесі, шешімдерді басқару жүйесі, сигнал беру жүйесі, 
атқарушы жүйе, сондай-ақ электрмен жабдықтау және оқшауламаны қорғау жүйесі. 
6.18-сурет. 
Қолмен істелінетін жұмыс. 


138 
6.19 -сурет.
Роботты қолданумен жұмыс істеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет