6.2.3 Оқшаулауғыш платформасының сынаулары Оқшаулайтын платформалар қолдану аясына байланысты құрылымдар бойынша
ерекшеленеді, және оқшаулағыш платформалар көбінесе оқшаулайтын плиталардан, оқшауланған
түтіктерден және сыналатын басқа оқшаулағыш материалдардан тұратын қолдан жасалған өнімдер
болып табылады.
Қатты оқшаулағыш тақталар IEC 60893 келесі ережелеріне сай болуы тиіс:"Электрлік
мақсаттар үшін термосфералық шайырлар негізінде жасалған өнеркәсіптік қатты ламинатталған
парақтар". Оқшаулағыш түтіктер IEC 61235 келесі ережелеріне сәй болуы тиіс: «Кернеу астында
жұмыстарды жүргізу - электр мақсаттарға арналған оқшаулағыш қуыс түтіктер", IEC 60855 "Кернеу
астында жұмыстарды жүргізу үшін көбік толтырылған оқшаулағыш түтіктер мен тұтас сабақтар».
Оқшаулағыш платформалар, әдетте, IEC 61478 стандартына сай сыналады: «Кернеу астындағы
жұмысты жүргізу - оқшаулағыш материалдардан жасалған баспалдақтар".
1) Оқшаулағыш материалдардың электрлік қасиеттерін сынау
1) Оқшаулағыш плита.
i) Қалыпты жағдайда сынау. Оқшаулағыш платформаны жасау үшін пайдаланылатын
оқшаулағыш тақта әдетте кем дегенде 8 мм тереңдікке ие болуы керек. Өнеркәсіптік жиіліктің
кернеуіне төзімділігін сынау оқшаулағыш тақтасына 100 (кВ) кернеуді 3 минут бойы беру
жолымен орындалады. Ток кемуі 6.6-кестеге сәйкес болуы керек. Оқшаулағыш тақтаны ұшқын,
тұтану, жарылыс немесе айтарлықтай қызу болмаған жағдайда, талаптарға сай деп санауға
болады.
ii) Суға батыру сынауы. Оқшаулағыш платформаны жасау үшін пайдаланылатын оқшаулағыш
тақтаны суға батыру сынауы үшін пішін мен ұзындығы бірдей бөліктерге кесілген болуы керек.
Көлемі 300 (мм) кесу алынып, 400 м тереңдікке суға батырылады (судың нақты қарсылығы 100
(Ом.м) ). 168 сағатқа (7 күн мен 7 түн) батырудан кейін кесу алынып тасталады және оның беті
құрғатып сүртіледі. Оған 100 кВ кернеу беріледі. Жылыстау тоғы 30 (мкА)-ден аспауы тиіс.
2) Оқшаулағыш түтік.
i) Қалыпты жағдайда сынау. Өнеркәсіптік жиілік кернеуіне төзімділік сынауы, құрғақ және
дымқыл жағдайларда сынауды қоса алғанда, оқшаулағыш платформаны жасау үшін пайдаланылатын
оқшаулағыш түтіктің 300 (мм) бөлігінде 3 минут ішінде 100 (кВ) кернеуді беру жолымен
орындалады. Мөлшері 100 кВ өнеркәсіптік жиілік кернеуін беру кезінде оқшаулағыш жылыстау
тоғы 6.7-кестеге сәйкес болуы керек.
6.6-кесте Оқшаулағыш тақтадағы өндірістік жиіліктің кернеуіне төзімділік және рұқсат
етілген жылыстау тоғы сынауы.
Сынау позициясы Сынау кезіндегі
кернеу, (кВ)
Электродтар
арасындағы
қашықтық
Сынау ұзақтығы
Жылыстау тоғы,
(мкA)
Қабат
100
8
3
-
Бет
100
300
3
≤30