Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет125/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

6.3.2 Жұмыс құралдары 
 
6.3.2.1 Электр қысқыштары 
 
Кернеу астында жұмыс істейтін роботтар түрлі тапсырмаларды орындай алады. Тапсырмаға 
қарамастан, сол қол бөліктерді алу үшін пайдаланылады, ал оң қол тапсырмаға байланысты әртүрлі 
әрекет етеді. Мысалы, түсіру ажыратып-қосқышын ауыстыру тапсырмасының әртүрлі кезеңдерінде 
сол қол жоғарғы сымдарды, түсіру ажыратып-қосқышын, траверсаны және төменгі сымдарды ұстай 
алу үшін пайданылады, ал оң иінтірек сымдарды кесуге, сомынды бұрап тастауға, оқшаулағышты 
қысуға, сымдарды қосуға арналған. Сондықтан, сол қол адаптивті механикалық қабілеті бар 
қысқышпен жабдықталған. Қысқыш әртүрлі пішіндегі нысандарды ұстай алады және ұстаудың үлкен 
күшімен, жоғары өткізу тиімділігімен, қарапайым құрылыммен және жеңіл салмақпен ерекшеленеді. 
Қысқыш 6.27-суретте көрсетілген. 
6.3.2.2 Сымдарды тазартуға арналған автоматты құрал
 
Тазарту құралы негізінен 6.28-суретте көрсетілгендей тұрақты токтың редукторлық 
моторынан, жалғастырушы соташығынан, ілікті механизмнен, қос иіннан және кескіш басынан 
тұрады. Нысан механикалық қолмен мықтап бекітілгенде, тазарту құралы баспалау әдісімен 
сымдардың сенімді жалғауын және автоматты төмен түсіруін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, оның 
жылдамдығын басқаруға және реттеуге болады және ол таратушы желілердегі жұмыстардың 
талаптарына сай. 


145 
6.27-сурет.
Электр қысқыш 
6.28 -сурет.
Сымдарды тазартудың автоматты құралы. 
6.29 -сурет. 
Электр сомын кілті 


146 
 
6.3.2.3 Құрама құрылымды көпфункционалды электр сомын кілті
 
Робот кернеудегі жұмыс кезінде сомындарды бекіту және қамытты тарту үшін электр кілтін 
пайдаланады. Оның құрылымы 6.29-суретте көрсетілген. Электр қысқышы M8-M14 сомындарына 
жарамды болуы мүмкін және оның максималды айналу сәті 118 (Nm). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет