178
траверстерді, кронштейндерді және жаңа тіректе оқшаулағыштарды орнатады. Олар көтеру
нүктесі, траверс, кронштейн мен оқшаулағыш үстінен Т/Б тіректерді қалқалау және оқшаулау
үшін қорғаныш құралдарын қолданылуы тиіс. Орнатылған жабдық берік бекітілуі тиіс, ал
оқшаулайтын қорғаныш құралдары мықты, әрі талаптарға сәйкес орнатылуы тиіс. Бақылаушы
аспалы арқандарды тіректің үстіңгі бөлігіне бекіту керек. Тірек
іргетасының арматуралық
білектері жерге тұйықталуы тиіс. Т/Б тіректерін жерге тұйықтау үшін 8 класты домалақ болат
сымдар пайдаланылуы тиіс (көлденең қиманың ауданы 50,24 мм
2
тең). Бір ұшы бұрыштық
жерге тұйықталған бөлігіне дәнекереленеді (ұзындығы 0,6 м), ол шұңқырдың түбіне жіберіледі,
ал екінші ұшы Т/Б тірек іргетасының арматуралық білегіне дәнекерленген (сенімді байланысты
қамтамасыз ету үшін домалақ болат сымдар жартылай шеңберге иілген және бетон тіректің
іргетасында орналасқан сегіз арматуралық білекке дәнекерленген). Т/Б тіректерді орнатқаннан
кейін жерге тұйықталған сымдарды және жерге тұйықталған компоненттерді оларды
шұңқырдың түбіне енгізіп, жермен жабу арқылы жасырыңыз.
3) Жаңа тіректі орнату.
i)Жұмыс жетекшінің нұсқаулықтарын сақтай отырып, кран баяулап жаңа тіректі көтереді.
Жердегі жұмысшылар аспалы арқандардың көмегімен оның шетке ығысуын азайту, сымдармен
жанасуын болдырмас үшін тіректің қозғалысын басқарып отырады. Жердегі жұмысшылар
сондай-ақ кранға тіректі ақырындап шұңқырға жылжытуға көмектеседі. 7.8(e)-суретте
көрсетілгендей көтеру кезінде сымдардың астына кірген
кезде тірек корпусының
тұрақтылығын сақтау керек.
Көтеру кезінде тіректің тұрақтылығын сақтау. Тіректің әр бөлігіне салынатын күшке ерекше
назар аударған жөн. Арнайы тағайындалған адамдар бақылаушы аспалы арқандарды қадағалауы
тиіс және жетекшінің нұсқаулықтарын сақтауы қажет. Тіректі көтерген кезде бөліктерінің
арасындағы арақашықтық кем дегенде 2 м болуы тиіс. Кран операторы және тіректі бағыттау
үшін жауапты жұмысшылар диэлектрлік аяқ киімде және диэлектрлік қолғаппен болуы тиіс.
Одан басқа, оператор тіректі көтерген кезде кран потенциалына тең келетін потенциалды сақтау
үшін краннан алыстай алмайды.
Жетекшіні және жауапты қызметкерді қоспағанда, операцияға қатысы жоқ қызметкер
тірек биіктігінен 1,2 есе алысырақ қашықтықта болуы тиіс және тіректі орнатқан кезде көтеру
аймағында жүруіне немесе болуына тыйым салынады.
ii) Тіректі орнатқаннан кейін және әрі қарай реттеу үшін 7.8(f) пен (g)-суреттерде
көрсетілгендей жерді нығыздап, тегістеу.
4) Сымдарды бекіту.
iv)
Оқшауланған себеттегі электр монтерлары бірлескен күш
көмегімен орташа желілік
сысмдарды түсіреді және оларды орнатылған траверс оқшаулағыштарына қояды. 7.8(h)--
суретте көрсетілгендей, сымдарды мықтап бекіту керек. Сымдарды түсіру және орналастыру
процесі, сондай-ақ тірек қарнақтарын (штанга) орнату біркелкі болуы тиіс. Орташа желілік
сымдарды, егер олар сенімді бекітілмеген болса, көтеру нүктесінен ажыратуға болмайды.
v)
Оқшауланған себеттегі электр монтерлары тірек қарнақтарының (штанга) оқшаулайтын
ұстап тұратын желілік перифериялық сымдарын шешіп алады.
Сымдарды орнатылған
траверстің оқшауларының бүйірлеріне орнату және оларды бекіту керек. Қорғаныш
оқшаулайтын жабындар бекіту кезінде сақталуы тиіс.
Орындау үшін ыңғайлы тәсілдегі тәртіппен сымдарды байлау.
vi)
Жаңа тірек мықты орнатылғанына көз жеткізгеннен кейін кранды жұмыс аймағынан
шығару.
5)
Оқшаулайтын жабынды шешу және жерге түсіру. Жұмыстан кейін сымдарда және тіректе
ешқандай заттың қалмағанына көз жеткізу. Содан кейін 7.8(i)-суретте көрсетілгендей, оқшаулайтын
жабынды шешу және жерге түсіру.
4)
Сақтық шаралары
1)
Жұмысқа мұқият дайындалу.
i)
Оқшаулайтын бөлімі бар көтеру құрылғысын және соның көмегімен тіректі орнату жүзеге
асырылатын кранды қоятын жерді таңдау. Оқшаулайтын құралдарды тексеру. Жұмыс
алаңындағы қауіпсіздік шараларын орындау.
ii)
Т/Б тіректі орнату орнын анықтау және қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу.
iii)
Жұмыс кезінде деформацияға ұшырайтын сымдардың күйін тексеру. Қажет болған жағдайда
сымдарды байлау және жұмыс алаңының екі жағынан тірекке
бекіту немесе сымдардың
оқшаулағыштардан ажырамауын болдырмас үшін кез келген басқа шараларды қолдану.
179
iv)
Тіректі орнату алдында «еңісті» дайындау қажет, бұл көтеру кезінде тіректің аударылуын
және тірек ұштығының кернеулі сымдармен жанасуын болдырмау үшін керек.
v)
Оның аударылуын болдырмас үшін Т/Б тіректі көтеру үшін лайықты нүктені таңдау керек.
Тіректі жер үстінен 1 м көтергеннен кейін және траверс және басқа жабдықты орнатқан соң,
соққы жүктемесіне сынақты және жүктеме берілетін барлық уческелердің толық тексерісін
жүргізу қажет. Проблемалардың жоқтығына көз жеткізген соң,
тіректі көтеруді жалғастыру
қажет.
2)
Тіректің жоғарғы бөлігін, траверс және оқшаулағыштарды қорғайтын жабынымен жабу
туралы тиісті талаптарды сақтау. Желілік перифериялық сымдарды ұстап тұру үшін қарнақтарды
(штанга) орнату. 7.8-суретте көрсетілгендей, үш фазалық тізбектің сымдарын қалқалау үшін
оқшаулайтын төлкелерді пайдалану керек. «Жақыннан алысқа дейін» қағидасын сақтай отырып, үш
фазалық тізбектің сымдарын оқшаулау керек. Т/Б тіректің сымдармен жанасуын болдырмас үшін
ұзындықты өлшеу және есептеу. 7.9-суретте Т/Б тірегін көтеру және үш фазалық тізбектің сымдары
арасындағы өзара байланыс көрсетілген. Өзара байланысты есептеу үшін 7.1 формула келтірілген.
Рұқсат етілген ауытқу 0,4 м. Сөйтіп, көтерілетін бетон тірек пен кернеулі жердегі сымдардың
арасында оқшаулау
бойынша екі шара қолданылады, атап айтқанда: Т/Б тіректі оқшаулау және
сымдарды оқшаулау.
(7.1)
Достарыңызбен бөлісу: