119
Мемлекеттік білім беру стандартына сай жоғары оқу орындарында «Кәсіби қазақ тілі»
пәнін кредиттік жүйе бойынша оқытуға 2 кредит бөлінген. Кәсіби қазақ тілін оқыту осы
көлем аясында қарастырылып, тілді тереңірек үйрену СОӨЖ, СӨЖ сағаттарында
меңгертіледі. Практикалық сабақтары мен СОӨЖ, СӨЖ материалдары бір-бірімен
сабақтастырылып қарастырылады.
Пәннің мазмұны жаңа когнитивтік-лингвистикалық-мәдени кешендер арқылы
ұйымдастырылады. Оның құрылымды бөлімдеріне жататындар:
- оқытудың деңгейлік мазмұнын көрсететін коммуникативтік сала (қатысымның
әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби саласы);
- қатысымның әрбір саласын жүзеге асыратын сөйлеу тақырыптары мен тақырыпшалар
жиынтығы;
- қатысымның қарапайым жағдаяттары.
КУРСТЫҢ ДЕҢГЕЙЛІК МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ.
«Білім. Мамандық» мына тақырыптарда кеңінен қарастырылады:
«Университет, мамандық таңдау», «Менің болашақ мамандығым», «Кәсіби біліктілік»,
«Маман сапасы», «Әртүрлі мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктері».
Достарыңызбен бөлісу: