Жоғары педагогикалық білім



Pdf көрінісі
бет107/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


116 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы 
типтік бағдарламасын көбейтуге және таратуға рұқсат етілмейді 

МАЗМҰНЫ


ТҮСІНІКТЕМЕ 


 

КУРСТЫҢ ДЕҢГЕЙЛІК МАЗМҰНЫ

1 МОДУЛЬ. БІЛІМ. МАМАНДЫҚ 

2 МОДУЛЬ. ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ 

3 МОДУЛЬ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ

4 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ – 
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МАҢЫЗДЫ 
ФАКТОР 

5 МОДУЛЬ. СПОРТТАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР 

6 МОДУЛЬ. КҮРЕС ТҮРЛЕРІ 

7 МОДУЛЬ. ШАХМАТ – ҒЫЛЫМИ АҚЫЛ-ОЙ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ 
ШЫҒАРМАСЫНЫҢ НЕГІЗІ 
10 
8 МОДУЛЬ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА- СПОРТ ПАДИШАСЫ 
11 
9 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ 
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
12 
АҒЫМДЫ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ, ӨЗІНДІК 
ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР 
13 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ) 
14 
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ 
15 
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


117 
ТҮСІНІКТЕМЕ 
 
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту 
және оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз 
мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби 
мамандар даярлау болып табылады. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында 
мемлекеттік тілді оқыту – тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және 
жеке қарым-қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту мақсатын 
көздейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңейіп, іс қағаздары, 
бұйрықтар, баянат, өзге де құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуіне байланысты 
атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың оң нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады.
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы студенттерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың 
концептуалдық негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыда дамыту және осы даярлық 
үдерісін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету; өзгетілді дәрісханада қазақ тілін оқыту 
әдістемесіне байланысты оқытудың ұтымды әдістемелік жүйесін жасау бүгінгі таңда басты 
мәселеге айналып отыр. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 
құрамды бөлімі, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының міндетті 
құрылымы ретінде «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен дайындықты қамтамасыз ету үшін осы типтік 
оқу бағдарламасы құрастырылды.
Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс 
аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру 
мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі 
күннің талаптарына толық жауап беруді көздейді.
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады: 
1. Пәннің мақсаты мен міндеті. 
2. Курстың құрылымы. 
3. Курстың деңгейлік мазмұны. 
4. Тіл үйренушілердің деңгейлігін анықтау критерийлері. 
5. Студенттердің өзіндік ағымдық-аралық және қорытынды бақылау жұмыстары 
бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. 
6. Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер. 
ЖОО-ның қазақ тіл кафедралары мамандықтарына сай тіл үйренушілердің тілдік 
дайындығын ескере отырып, ұсынылып отырған бағдарлама негізінде жұмыс-оқу 
бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешені мен оқу құралдарын шығаруларына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет