ЖҰмыс бағдарламасы мамандыққа кіріспе. Туризмология негіздері пәнінен 5В090200 Туризм мамандығының студенттеріне арналған Павлодар



Дата08.07.2017
өлшемі138,59 Kb.
#20857
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасының ПМУ ҰС Н 7.18.4/17

титулдық парағы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технология және жаратылыстану факультеті
География және туризм кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандыққа кіріспе. Туризмология негіздері пәнінен

5В090200 – Туризм мамандығының студенттеріне арналған



Павлодар

Жұмыс бағдарламасының ПМУ ҰС Н 7.18.4/17

бекіту парағы


БЕКІТЕМІН

ОЖ жөніндегі проректор

__________ Н.Э.Пфейфер

«___»_____________201 ж.


Құрастырушы: ______________________ Б.А. Чашина, Г.Р. Шакенова
География және туризм кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандыққа кіріспе. Туризмология негіздері пәні бойынша

5В090200 – Туризм мамандығының студенттері үшін

Жұмыс бағдарламасы 5В090200 – Туризм мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен РОӘК-мен 2006 жылғы 22 маусымда бекітілген типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды
«____» ___________201__ ж. кафедра мәжілісінде ұсынылды

Хаттама №_______

Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған


201__ж. «___»_____________хаттама № ____
ОӘҚ төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая

ОӘҚ бастығы__________________ Е.Н. Жұманқұлова

«____»_______201__ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201__ж. «___»_____________ хаттама№ ____

1. Оқу пәнінің паспорты
Мамандыққа кіріспе. Туризмология негіздері

Пән міндетті компонент


Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат

Дәріс - 22,5 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 22,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы еңбексыйымдылығы - 135 сағат

Бақылау формасы

Емтихан – 2 семестр


Пререквизиттер: мектеп курсындағы география

Постреквизиттер: халықаралық туризм тарихы, халықаралық туризм географиясы
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге «туризм» ұғымы туралы олардың кәсiби бiлiм алу пәнi, адам қоғамының iс-әрекет түрi, келешектегi еңбек ететiн саласы ретiнде жүйелi түсiнiк беру, туризм облысына кең профильдi, халыққа туристiк-экскурсиялық қызмет көрсетудiң кез келген саласында жұмыс iстей алатын мамандарды дайындау.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • туризмнiң негiзiн салушы ұғымдармен (дефинициялармен);

  • туристiк терминологияны жекелей талдаумен;

  • туризм үрдiсiнде өтетiн және адам өмiрiне жан-жақты әсер ететiн өте күрделi үрдiстердiң мәнiмен студенттердi таныстыру. Сонымен қатар жүзеге асыру және реттеу қағидаларын қалыптастырудың маңызын ұғып түсiну қажет.

  • халық шаруашылық кешенiнiң маңызды ірi күрделi салаларының бiрi – туризм сферасының территориялық ұйымдастырылуының ғылыми және практикалық негiздерiмен студенттердi таныстыру;

  • туризмнiң кеңiстiк және әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде қазiрi теориясымен студенттердi таныстыру;

  • студенттердi рекреациялық iс-әрекет және туризм индустриясы ұғымдарымен және олардың әр түрлi табиғи және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардағы жұмысын ұйымдастыру принциптерiмен таныстыру;

  • студенттердiң өндiрiс пен мүмкiн болатын оқыту iс-әрекетiнде жетiстi жұмыс iстеу үшiн болашақ мамандарға керектi туризм географиясы облысындағы терең бiлiмдерi мен практикалық дағдыларын бекiту.


3. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар
Студент білу керек:

  • Туризмнiң кеңiстiктiк әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiндегi ұғымы мен негiзгi мазмұнын: даму шарты мен негiзiн;

  • халық шаруашылық салалары жүйесiндегi орны мен рөлiн,

  • ғылыми-техникалық революция заманындағы даму факторлары мен жағдайларын,

  • туристiк ресурстары, туристiк өнiм және оны нарықта өткiзу жөнiнде.

  • туризмді территориялық ұйымдастырудың ғылыми және практикалық негіздерін;

  • туризмнің кеңістік және әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде қазіргі теориясын;

  • «рекреациялық іс-әрекет», «туризм индустриясы» деген ұғымдар мен олардың әр түрлі табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жұмысын ұйымдастыруды.

  • туризмологияның теориялық-әдістемелік негіздерін практика жүзінде қолдана білуі керек;

  • әлемдік туризм индустриясының даму тенденцияларын, оның халықаралық сипатын;

  • туристік сферадағы кәсіпорындардың жеке түрлер арасындағы қатынастарын;

  • туризм индустриясының даму шарттарын, оның ерекшеліктерін.

Студент істей білу керек:

  • туризм саласының тәжірибелік іс-әрекетінде игерілген теоретикалық-әдістемелік білімдерді қолдануды;

  • туристік нарық жағдайларына кешенді талдау жасауды;

  • туристік практикада нормативті-заңды базаны қолдана білуі керек;

  • туристік кәсіпорындардың жұмысының стратегиясы мен тактикасын құрастыру;

  • туризм индустриясының объектілерінің банк мәліметтерін құрастыру.


4 Пәннің тақырыптық жоспары

Сабақ түрлерінің академиялық сағаттарға бөлінуі


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

СОӨЖ

1

Кiрiспе. Туризмнiң теориялық-әдiстемелiк негiздерi

3

3

12

2

2

Туристiк қызмет және туристiк ресурстар

3

3

12

2

3

Туризм туралы ғылым және туристiк бiлiм беру

3

3

12

2

4

Рекреациялық географияның теоретикалық негіздері

3

3

12

4

5

Туризм географиясының теориялық негiздерi

3,5

3,5

14

4

6

Туристiк аудандарының қалыптасуының негiзгi алғышарттары, олардың классификациясы мен бағалауы

3,5

3,5

14

2

7

Туризм халық шаруашылығының саласы ретінде

3,5

3,5

14

2

БАРЛЫҒЫ:

22,5

22,5

90

22,5

Әдебиет

Негізгі:

1 Ердәулетов С.Р. Туризм географиясы: туризмология негіздері пәні бойынша оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2011



2 Сұрағанова С.Қ. Туризмдегі туристік қызметтің негіздері. - Астана: Елорда, 2007
Қосымша:

3 Алиева Ж.Н. Туризмология негiздерi. - Алматы: Қазақ университетi, 2004.-172с.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет